Ұрланған көлікті сатып алғыңыз келмесе ...

Елімізде жыл сайын мыңдаған көліктің қолды болғаны анықталып жатады. Жағдай әсіресе Алматы мен Алматы облысында күрделі. Бұл туралы Автонарықты мониторингтеу және талдау агенттігінің бас директоры Артур Мискарян айтты. Сөзінше, Қазақстанда жылда 2 мыңнан астам темір тұлпардың ұрлығы әшкере болады. Ондай көліктер көбіне АҚШ, Балтық жағалауы елдері және соңғы кезі Қытай мен Оңтүстік Кореядан келеді. Сондай-ақ шетелден әкелініп, Қазақстанда тіркелген көліктің ұрланғаны немесе кепілде тұрғаны тек бірнеше айдан кейін анықталуы мүмкін. Бұған шетелдік базалардағы ақпараттың кеш жаңаруы себеп.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу