Қытайдан шыққан індет қазақстандықтардың бойына дендеп алды. Шын мәнінде жағдай қалай, ал статистика не дейді? Президент ащы да болса шындықты жариялауды тапсырды. Бірақ сарапшылар статистиканы ар-ождансыз бұрмалағандар халық сеніміне селкей түсіргенін мәлімдеді. Ал 42 500 теңгелік өтемақы қай жыртыққа жамау болады? Кәсіпкерлер мен экономистер елдегі эпидахуал мен азық-түлік бағасының өсуін ескертіп әлек. Билік бұл жолғы локдауннан зардап шеккен бизнеске тағы қандай қолдау көрсетеді?