Дизайн студиясы: талант жəне табыс

Дизайн студиясын ашудың еш қиындығы жоқ. Ал, дизайн орталығы ретінде өзгелерді мойындата білу - өнер. Оған оңайлықпен қол жеткізе алмайсың. Ерен еңбек, толассыз ізденіс, асқан сезімталдық керек дейді интерьер дизайнері Айдана Ерімбет. Италияның Милан қаласында шеберлігін шыңдап, білім жиған ол дизайн бизнесінің болашағы бар, табысты екенін айтады. Өзі жетекшілік ететін Астана қаласында орналасқан дизайн студиясы қоғамдық тамақтану, қонақ үй саласында бірқатар жобаларды жүзеге асырған. 

Жүргізуші: Бибігүл Нысанбай.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу