Гүл салонының менеджері Әсел Қуандықова гүл саудасына араласпас бұрын, бизнес жүргізудің қыр-сырын меңгеру үшін "Атамекен" ҰКП ұйымдастырған "Бастау Бизнес" жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері курсына қатысқан. Сонымен қатар гүл сәндеу дизайны мамандығы бойынша кәсіби білім алған. Бүгінде жас кәсіпкер гүл саудасын өзінің жеке салонында ғана емес, әлеуметтік желілер арқылы да табысты саудалап отыр. Сондай-ақ, компания жекелеген мекемелермен жасалған келісім құжат бойынша кеңселерді сәндеумен, мерекелік шараларды гүлді стендтермен әрлеп-әдемілеумен айналысады.
Жүргізуші: Бибігүл Нысанбай.