"Серебрянка" клинингтік компаниясы нарықта 6 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Əуелден достығы жарасқан Əсем Шүкеева мен Ботагөз Тілеубекова бірігіп бизнес ашуды мақсат тұтады. Əуелі тазалау техникаларын, сосын химиялық ерітінділерді сатып алған олар кəсіби клинингерлерді іздестіреді. Осылайша, пəтерлерді жинаумен, кейін қоймалар тазалығымен айналысады. Ал, қазір компания тұрақты тұтынушы тауып, келісімшарт бойынша қоғамдық тамақтану орындарында клинингтік қызмет көрсетіп жүр. Нарықтағы басқа клинингтік компаниялардан жоғары сапалы қызметі арқылы айрықшаланатын мекеме болашақта маңызды стратегиялық нысандар тазалығымен айналысуды жоспарлайды.
Жүргізуші: Бибігүл Нысанбай.