Медиаагенттік қызметін бизнес ретінде жолға қою оңай шаруа емес. Медиа саласын жетік меңгеретіндей көп жылдық тəжірибелі мамандар, заманға сай жабдықтар мен қондырғылар қажет. Ал, компанияның құжатын əзірлеуде күрделілік жоқ. Жеке кəсіп иесі ретінде құжат алсаңыз жетіп жатыр. Іскер хабарының қонағы - "Бақорда" медиа тобының басқарушы директоры Азамат Кеңесұлы. Медиақызметтер нарығында он жылдан бері қызмет ететін компания өз тəжірибесіне сүйене отырып, бұл бизнесті жүргізудің əдіс-тəсілімен бөлісті. Еңбегіне қарай, бизнестің бұл түрі де толағай табысты. Ең бастысы - еңбекке адалдық керек.
Жүргізуші: Бибігүл Нысанбай.