Ағайынды Ильяс пен Мирас Ибрайымовтар ашқан А2 супермаркеті қазір желілік сауда нүктесіне айналған. Ел бойынша 12 шағын маркет жұмыс істейді. Астана мен Алматы қалаларында фитнес залдары бар. Кіші Ибрайымов қазір өзін ресторатор ретінде шыңдап жүр. Жуырда тағы жаңа мейрамхана ашпақшы. Қоғамдық тамақтану орындарының концепциясы, қызметі, құрылымы туралы The Shoreditch мейрамханасының иесі Мирас Ибрайымов сұхбат береді.
Жүргізуші: Бибігүл Нысанбай.