Оқушылар тасымалы табысты кәсіп болғанымен, қызмет көрсету саласына тән өз күрделілігі, тәуекелі бар сала. Бірақ, жоба жетекшісі Мақсат Ахметбек үшін қиындығы жоқ. Бұл саланың жілігін шағып, майын ішкен кәнігі маман бұл жобадан басқа қызмет көрсету саласына қатысты тағы екі жобаға басшылық етеді. Бұл туралы спикер сұхбат барысында егжей-егжей етеді.
Жүргізуші: Бибігүл Нысанбай.