Қазақстанда алғаш рет әуеде адам тасымалымен айналысуды бастаған Astana Business Aviation компаниясының директоры Қайсар Шыныбаев өз тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, бірнеше жылдан соң, әуетакси қызметі баршаға қолжетімді болады. Қазірдің өзінде дамыған шет мемлекеттерде әуе арқылы такси қызметін ұсыну үйреншікті іс болып кеткен. Үш жыл бұрын қырық мың теңге қаражатпен қалай кәсіп ашқаны туралы әңгімелей отыра, кәсіп иесі өзінің бизнесте жіберген қателіктерімен де бөлісті. Табыс тек тер төгу арқылы жетеді дейді ол.
Жүргізуші: Бибігүл Нысанбай.