«Феррум-фтор» ЖШС қарасты металлургиялық зауыт негізінен ескі темір-терсекті қайта өңдеуден өткізіп, одан жылына 60 мың тонна арматура шығарады. Бұл өнімдердің отандық нарықтағы тұтынушылары - БҚО, СҚО, қалғаны Түркіменстан мен Өзбекстанға жөнелтіледі. Осы бағдарлама аясында түсіру тобы «Феррум-фтор» ЖШС еншілес ұйымы «Цветмет» ЖШС-нің алюминий иірімдерін шығаратын өндіріс орнында да болып қайтты. Еліміздегі трансформатор зауыттарының сұранысын өтеп отырған кәсіпорын өнімдерін Өзбекстан мен Ресейге де экспорттауда...