Қазақстанда ақылы жолдардан түсетін табыс жыл сайын еселеп артып келеді. Былтыр жүргізушілер 87 миллиард теңге төлесе, биыл қараша айының басындағы көрсеткіш 95 миллиардқа жеткен. Жыл соңына дейін бұл сома 105 миллиард теңгеден асуы мүмкін. Бұл жол саласына жауаптылардың болжамы. Бірақ мәселе ақшаның қанша жиналғанында емес, оның қаншалықты тиімді игеріліп жатқанында