Фармация комитеті лицензиясыз препаратты саудалап, тіркелмеген, жалған және сапасыз дәрі-дәрмек сатқандардың ізіне түспек. Маркетплейс пен әлеуметтік желі арқылы дәрі сататындар жаппай тексеріледі. Заңсыздыққа жол бергендердің жазасы да жеңіл емес. Тексеріс келер жылдың басынан жүзеге асырыла бастайды.