Енді азаматтардың өтініші үш немесе одан да көп рет қайта жолданса, мемлекеттік орган оны тағы бір мекемеге жіберерде оның себебін заңға сүйеніп, жазбаша түсіндіруге міндетті болады. Сондай-ақ шенеуніктер азаматтардың әрбір сұрағына нақты жауап беріп, заңбұзушылық туралы хабарламалар бойынша қандай шара қабылданғанын көрсетуі тиіс. Бұл өзгерістер Үкіметтің жаңа қаулысымен бекітілді. Құжат бүгіннен бастап күшіне енді.