«Әліппе» қайта оралды, ағайын! Шыны керек, «Әліппенің» қайта енгізілуі сүйінші сұрауға тұрарлық жаңалық! Әліппеден қол үзіп қалған соңғы төрт жылда оның қадірін баршамыз сезіндік. «Сауат ашу» деп ұсынылған оқулықтың «Әліппенің» де, «Ана тілінің» де орнын баса алмасын аңғардық. Ақыр соңы ата-аналар Білім және ғылым министрлігінен «Әліппені» қайтаруды талап еткеніне баршамыз куәміз. Көптің ьілеуі орындалды.