Баспана жайын реттеу үшін зейнетақы қорындағы жиғанынан қаржы алатындар саны 2 есеге жуық азайған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр ай сайын орта есеппен 100 мыңнан астам мұндай мүмкіндікті пайдаланып келген. Ал биыл бұл көрсеткіш шамамен 58 мыңға дейін төмендепті. Мәселен бір ай бұрын қордағы жинақтан баспана үшін алынған ақшаның көлемі 27 жарым млрд теңге. Бұл 2024 жылғы маусымнан бергі ең төмен көрсеткіштердің бірі. Үй-жайының жайымен қорға қол созатындардың қатары сиреуінің басты себебі жеткіліктілік шегінің өзгеруі.