Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қатарынан үшінші рет төмендетті. Бұл жолы көрсеткіш 0,5 пайыздық тармаққа азайып, 16,25 пайыз деңгейінде белгіленді. Осылайша соңғы үш шешімнің нәтижесінде базалық мөлшерлеме 1,75 пайыздық тармаққа төмендеді. Мөлшерлеменің төмендеуі нені білдіреді? Теңгеге қысым күшейе ме? Несие арзандай ма? Алдағы уақытта мөлшерлеме тағы төмендеуі мүмкін бе? Осы сұрақтарға сарапшылардың пікіріне сүйеніп жауап беріп көрейік.