Басқа бәле – тілден

Халық қалаулыларының ішінде шикі шыққандары дер кезінде жайын тауып кеткені де жақсы. Жүре берсе алда талай нәрсені бүлдірулері де мүмкін. Шыны керек, сайланған депутаттар халықтың сеніміне лайықты іс тындырса дейсің. Ал ауыздарына ие бола алмай оттап жүргенін көргенде әттеген-ай деп сан соғып қаласың. Келте ойлы, жеңілтек тілді, саясатқа шорқақ, мемлекеттік аппарат дегеннен хабары шамалы адамдардың депутаттық мандатқа ие болып кердең басып жүргендері таң қаларлық. Шикі шығып жүргендерінің дені қалталы дейтіндей қолдарына әжептеуір кәсіптің тізгіні тиген депутаттар. Кәсібі мен ақшасы болғаннан ба екен, солардың сайлауда да, жайшылықта да жолы болғыш. «Аманат» партиясына мүше болып, мандатқа тізіммен немесе сайлаудың бір мандатты тәртібімен қол жеткізуге құмар-ақ. Бір мандатты сайлау округтеріне тіркелген «аманаттықтар» тұрғанда олармен бәсекеге түскен өзгелердің жолы тарылғаны да жасырын емес. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу