Қарақалпақстан тақырыбына жабулы қазан жабулы күйінде қалды деп қарауға болмайды. Қанды оқиғаның жаңғырығы әлі талай жылдарға дейін естіліп тұратын болар. Өйткені кез-келген халықтың ерік-жігері мен тағдыры таразыға түскен мұндай оқиғаның ізі өшпейтіні тағы белгілі. Қарақалпақстан тұрғындары өздерінің ықтиярын алға тартып, егемен ел болсақ деген емеурінмен көшеге шыққан. Алайда халық арандап қалды ма екен, шеруге шығамын деп қан-жоса болғанын көз көріп, құлақ естіді.