УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАҢАША БАҒАЛАНАДЫ
Осы аптада Сол жағалауда маңызды мәселелердің бірі көтерілді. Қоғамдық тәртіпті қадағалайтын, халықпен тікелей байланыс жасайтын уаскелік полиция қызметкерлері туралы. Ішкі істер министрлігі олардың жұмыстарын бағалау үшін арнайы әлеуметтік сауалнама жүргізген. Оған қатысқандардың 46 проценті өздерінің учаскелік инспекторларын бімейтіні анықталды. Тек 2 пайызы полиция бөлімі қайда орналасқанын біледі екен. Бұл – полицейлер мен халықтың арасында байланыс жоқ дегенді білдіре ме? Инспекторлардың жұмыстары тиісті бағаланып жүр ме? Сұрақтардың жауабын сала мамандарынан сұрап білеміз.
- Ержан Исақұлов Генерал-майор
- Нұрдәулет Құралбеков Учаскелік полиция инспекторы
- Оңайбек Әбділов «Халықаралық полицейлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі