Маусымның бірінен бастап азық-түлік тауарларының экспортына қойылған шектеу алынады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың өзі хабарлады. Қаулы әлі талқылауда. Сондықтан оған өзгерістер енгізілуі мүмкін. Өздеріңіз білетіндей пандемияға қатысты енгізілген төтенше жағдай кезінде бидай, ұн экспортына шектеу енгізілген еді. Мысалы бұрын 800 мың тонна бидай экспортталатын, ал қазір ол 200 мың тоннаға шектелді. Нақты айтқанда қыркүйектің біріне дейін белгіленген мөлшерден артық астық шығаруға болмайды делінген шешім шығарылған. Оның айналасында туындаған дау да аз емес. Жауапты министрлік мәселені ескерген сияқты.
Назгүл Хатепова Серікқалиқызы - ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің бас сарапшысы,
Арман Евниев - Қазақстан ауыл
шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасары,
Жигули Дайрабаев – Қазақстан фермерлері қауымдастығының президенті,
Әлібек Атай - Астық экспорттаушы.