ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР НЕГЕ ӨТІНІШ БЕРУДЕН БАС ТАРТАДЫ?
42500 ТЕҢГЕ: ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?
Шілденің 17-сінен бастап еліміде 42500 теңгеге өтініштер қабылдау басталды. Содан бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бір емес бірнеше рет ақпарат берді. Соған қарамастан төлемге мұқтаж тұрғындар арасында сан-сауал толастар емес. Жауапты министрлік бұған дейін жіберілген кемшіліктерді ескеріп, бұл жолы еш мәселе болмай ма деп едік, алайда бірінші күні-ақ өтініш қабылдайтын сайттар істен шықты. Оны жауапты мекеме 25 мың адамның бір уақытта деректерін енгізумен түсіндірді. Демек, 42500 теңгеден үміттенетіндер аз емес. Олар бұл төлемді қай уақытқа дейін ала алады? Жұмыс берушілер жұмысшысы үшін неге өтініш беруден қашқақтайды? Және 42500 теңге қанша адамға тағайындалады, ол экономикамызға қалай әсер етеді? Бұл сұрақтардың жауабын бүгінгі спикерлерден білеміз:
Бауыржан Бейсенбаев - Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті басқармасының басшысы,
Меруерт Махмутова - Экономист,
Асылжан Жананов - Кәсіпкер.