ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСКЕ ЕНГІЗІЛГЕН НЕГІЗГІ ҰСЫНЫСТАР
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ КӨТЕРУГЕ БОЛАДЫ?
Елімізде келесі жылы «Әлеуметтік кодекс» әзірленеді. Ол біріншіден –осы саладағы барлық мәселелерді шешіп, заң жобаларын реттеу үшін жасалмақ. Осы аптада 9-шы Азаматтық форумда баяндама жасаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі кодекске енгізілген негізгі ұсыныстарды тізіп шықты. Біржан Нұрымбетов негізгі өзгерістердің бірі әлеуметтік қызметкердің мәртебесін арттыруға қатысты екенін айтты. Рас, бұл мәселе өте өзекті. Себебі елімізде 705 мың 503 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 93 мыңнан астамы - бала, 611 мың 560-ы - ересек. Бұл жандарға әлеуметтік қызметкердің көмегі ауадай қажет екені белгілі. Олай болса әлеуметтік кодекске енгізілген ұсыныс дұрыс па? Жалпы бұл құжат қандай болуы тиіс? Сол жағалауда талқылаймыз.
Ердәулет Аманбай - “Шарапат” әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары
Олжас Мамыр - Қоғам белсендісі
Рамазан Салықжанов - Әлеуметтанушы