Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Армения! Бұл қазақстандықтар көлік тасыған елдер тізімі! Соңғы – 5-6 жылда осы үрдіс күллі қазақ жеріне етек жайды! Алғашында шекаралас облыстардың халқы көлік тасыса, қазір ту Павлодар, Семейден Ақтау арқылы Армения асып, темір тұлпар мініп келіп жатқандар көбейді! БАҚ-ның есебінше 2014-2015 жылдары Моңғолияан 1000-ға жуық, Ресейден 120 мыңдай, ал Армениядан биыл 10-20 мың аралығында көлік тасымалданған. Әрине бұл жерде Еуразиялық экономикалық одақ келісімі бар! Бір жағынан жақсы, халық арзан әрі сапалы көліке қол жеткізді! Бірақ сұрақ басқада ? Неге бізде қымбат ? Қашанғы халық сырттан тасиды ? Қашанғы Арменияны байытамыз ? Қашан біздің халық 90-шы жылғы көлікті 2 миллионға алмайтын болады ?
Студия қонақтары:
Сұңқар Жұртбай - Автокөлік сарапшысы,
Айдар Амангелдинов - Автоқызмет орталығының басшысы,
Нағашыбек Алданов – Іскерлік ақпарат сайтының редакторы,
Және Қайрат Манапов - автозаңгер
Жүргізуші: Дамир Аспан.