Жаңа оқу жылының басталуына аз ғана уақыт қалды. Бірақ әлемді жайлаған вирустың кететін түрі жоқ. Демек, білім саласында тағы да түйткілдер болары анық. Осы аптада өткен Үкімет отырысында Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрлері 1-ші тоқсанды қашықтан оқыту қажет деген ұсыныс айтты. Алайда көпшілік, әсіресе ата-аналар оны қаламайды. Себебін бәріміз білеміз. Осыған дейін қашықтан білім алғандар түрлі қиындықтарға тап болды. Бірінде интернет нашар, екенді бірінде мүлде жоқ. Комьютер тапшы...деген сияқты. Қырүйекте тағы осы жағдай қайталанбай ма? Жалпы қашықтан оқыту қаншалықты дұрыс?
Бағдарламамыздың спикерлерінен білеміз. Таныс болыңыздар:
Роза Садықова - «Жеке меншік білім беру ұйымдарының Республикалық Қауымдастығы» ЗТБ төрайымы,
Күләнда Батырбекова - «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары» қауымдастығының директоры,
Гүлнар Омарова - ҚР Үкіметі жанындағы жасөспірімдер ісі жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшесі.