ҚАЗАҚСТАНДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ОҚИҒАЛАРЫ БІР ЖАРЫМ ЕСЕГЕ АРТТЫ
АЛАЯҚТАРДЫ ҚАЛАЙ ТАНУҒА БОЛАДЫ?
ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРҒА ТАП БОЛҒАНДА ҚАЙДА ЖҮГІНУ КЕРЕК?
Соңғы жылдары елімізде алаяқтықтың жаңа түрі белең алды. Әсіресе карантин кезінде интернет арқылы адамдарды сан соқтырған жағдайлар көп тіркелген. ІІМ мәліметіне сүйенсем, соңғы үш жылда Қазақстанда киберқылмыстардың саны екі есе өсті. Егер 2018 жылы осындай 4 мыңнан астам қылмыс тіркелгенсе, ағымдағы жылдың тоғыз айында ғана 8 мыңнан астам жағдай құқық қорғаушылардың назарына алынған. Белең алған алаяқтық әрекет – интернет арқылы жеке деректерді қолды қылу, банк картасындағы ақшаны шешіп алу және біреудің атынан несие рәсімдеу. Нақты сандарды сәлден соң назарларыңызға ұсынамын. Жалпы интернет-алаяқтардан қалай қорғану керек? Оларды қалай анықтауға болады? Бұл сұраққа спикерлер жауап беруге дайын.
Арман Әбдірәсілов, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы
Ләззат Үсенбекова, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының тұтынушылар құқығын қорғау бойынша директоры
Мәди Слямов, Экономист.