ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҰНАЙ-ГАЗ ОПЕРАТОРЛАРЫ 2021 ЖЫЛҒА ДАЙЫН БА?

Мұнай бағасының тарихи құлдырауы 2021 жылы қайталануы мүмкін бе? Бүгінгі бағдарламада осы сұраққа жауап береміз. Өздеріңіз білесіздер. 2020-жылы мұнай бағасы 1991-жылдан бері болмаған минимумға түсіп, одан соң сан құбылды. Баға желтоқсанның соңында да 51 доллардан аспады.  Бұл 2015-2017 жылдардағы орта деңгейге жақын.  Бір жыл бұрын мұнай нарығына болжам жасаған сарапшылар қара алттынның бағасы геосаяси жағдайлар мен сыртқы факторлардың әсерінен құбылады деген. Бірақ ол кезде ешкім де коронавирустың дәл осылай нарықты құлдырататынын білмеді. Бір сөзбен айтқанда экономикасы қара алтынға қарап отырған елдер тығырыққа тірелді. Бұл қатарда Қазақстан да бар. Мұнай-газ саласы бірқатар қиындықтарға тап болып, Үкіметтен көмек сұрағанын да білеміз. Биыл жағдай қалай болады? Мұнай бағасының тарихи құлдырауы 2021 жылы қайталануы мүмкін бе? Сұрақтарға сарапшыларымыз жауап беруге дайын...

Нұрлан Жұмағұлов - Қазақстан мұнай-сервис компаниялар Одағының Бас директоры
Асылбек Жәкиев - «Атамекен» ҰКП Мұнай-газ операторларымен өзара іс-қимыл және мұнай сервисін дамыту жөніндегі ресми өкілі
Қайырбек Арыстанбеков - Экономист

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу