Жұмысшы мамандықтардың иммиджі қашан және қалай көтеріледі?

Елімізде өткен жылдан бері «Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – халықаралық тәжірибені енгізу арқылы білікті мамандарды дайындау. Бұл жоба неге қолға алынды. Себебі сала ақсап тұр. Оны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айтқан еді. Президент «ҚР-дағы кәсіптік-техникалық білім берудің негізгі мәселелері колледждердің материалдық-техникалық базасының әлсіздігі, түлектердің еңбек нарығының талаптарына сәйкес келмеуі және білікті оқытушылардың тапшылығы» - деді. Сондықтан 180 колледж және 20 алдыңғы қатарлы ЖОО құру туралы шешім қабылданды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен бірінші кезең аясында 58 млрд. теңге немесе 150 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржы қалай жұмсалады? Жұмысшы мамандықтарының иммиджі қашан, қалай көтеріледі? Елорданың Сол жағалауында бір емес бірнеше рет көтерілген тақырыпты біз де назарымызға алдық.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу