Түскі формат жаңалықтары:
• Қоластындағылардың қылмысы үшін жауап берді. Ақмола облыстық Полиция департаментінің басшысы қызметінен шеттетілді.
• Темір тордағы алаяқ. Жазасын өтеуші түрмеде отырып-ақ 200-ден астам азаматтан 80 млн теңге жымқырған.
• Қауіпті ғимарат. Алматыда террорлық әрекеттерден қорғалмаған нысандардың иелеріне 33 млн теңге айыппұл салынды.
• Монополистер бағаны көтерді. Осы айдан бастап еліміздің үш өңірінде электр қуаты қымбаттады.
• Құжат ауыстырудан жалықпадық. Елімізде жүргізуші куәлігі тағы өзгеруі мүмкін.