Автопаркті жаңарту үшін жаңа көлік сатып алуды ынталандыратын шаралар болуы керек

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы былтырғы жазда жабылды. Бұдан былай бағдарлама халықтың көлік сатып алуын қаржыландырмайтыны, қаражат қоғамдық көлікті сатып алуға бағытталатыны хабарланды. Осылайша қазақстандықтардан жаңа көлік сатып алудың ең тиімді мүмкіндігін алып қойды. Күндердің күнінде Үкімет осы бағдарламаға қайта оралады деген үміт бар. 

Автопаркті жаңарту үшін жаңа көлік сатып алуды ынталандыратын шаралар болуы керек

Қазақстандағы көлік паркін жаңарту үшін жаңа көлік сатып алуды ынталандыратын шаралар болуы тиіс. Сонымен қатар жүйенің өзі көлік иелерін ескі-құсқыдан арылуға итермелеуі керек. Бірақ барлық жеңілдетілген бағдарлама жабық. Ынталандырудың орнына бізде импорттық баждар, утильалым және бастапқы жарна құны жоғары.

Жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аз да болсын, көлік паркін жаңартуға мүмкіндік берді. 2023 жылы жағдай қалпына келіп, Қазақстанның көлік нарығы рекорд орнатты. 200 мыңға жуық жаңа көлік сатылды. Бірақ елдің 5 миллиондық автомобиль паркі үшін бұл жеткіліксіз. Бізде көліктердің 60%-ы 10 жылдан асады, 20 жылдан асатын көліктер – 50%. 2025-2026 жылдары Қазақстанда 3-4 көлік зауыты салынады. 

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы отандық автомобильдердің жаппай шығарылымы басталуымен қайта жандануы мүмкін немесе сатуды ынталандырудың жаңа шаралары қажет болады.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу