Баланы тәрбиелеуде ата-аналар ең әуелі өздерінен бастауы тиіс

Балаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын 14 жастан 12 жасқа дейін түсіруге қарсымын. Себебі он төрт жастағы және он екі жастағы балалардың дамуында айырмашылық болады.

Баланы тәрбиелеуде ата-аналар ең әуелі өздерінен бастауы тиіс

Мінез-құлқы дұрыс емес, үйінен қашып кететіндерге арнайы мектептер бар. Девиантты мінез-құлқы балаларға арналған білім беру ұйымдары бар. Сондай жерлерге барған балалар тәрбиелене ме? Өз үйінде тәрбие көрмеген бала басқа жерге барып тәрбиелене ме? Ондай жерден одан да бетер болып шығады. Бізде тәжірибелі психологтар жетеді деп айта алмаймын. Қарапайым мектепте психологтар жұмыс істей алмай жатады. Мысалы, олар көбінесе болған жайды жасырып қалады. Бала өзі келіп айтып тұрса да, жағдайға немқұрайлы қарай салады. Қылмыстарды жасырып қалғанының салдары келесі үлкен қылмысқа апаруы мүмкін.

Баланы өмірге әкелдің бе, балаға жауап беру керек, тәрбиелеу қажет. Бала түгіл, қазір ересек адамдар өздерінің ісіне жауап бермей жатады. Баланы тәрбиелеу үшін ата-аналар ең бірінші өздерінен бастауы тиіс.

Психологияда баланы арнайы үйірмелерге қатыстыру керек деп айтылады. 12 жаста балаға үйірмелерді көбейту керек, сонда олардың футболға, боксқа, шахматқа, шығармашылыққа деген ынтасы ашылады.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу