Инвестицияларға деген қолжетімділік күйзелістің негізгі факторы болып табылады, себебі венчурлық қорлардың көпшілігі өздерінің назарын түбегейлі бұрып, бүгінгі нарыққа анағұрлым сай келетін бизнес үлгілері бар, аяққа нық тұрған компанияларға мән беруде. Дегенмен пандемия қаржылық технологиялардың белгілі бір типтері үшін жаңа мүмкіндіктер де туғызуда. Мобильді банкинг және басқа да сандық қаржы сервистерінің сандық арналарының бұрын-соңды болмаған өсуі осының айқын мысалы.
Қаржылық технологиялар жаһандық пандемия кезінде қалай өзгереді?
Әрине, бірінші кезекте венчурлық қорлар сияқты қаржылық технологиялардың өздері де өз ұстанымдарын нығайтып, барлық активтерді қолда барға аударып, шығындарды азайтады. Қаржылық технологиялардың көпшілігінің айналымы жасалған транзакциялар санына байланысты болғандықтан, негізгі басымдылық барлық шығындарды өзгермелілерге ауыстырып, тіркелген шығындарды азайту болмақ. Негізгі мақсат – операциялық тұрақтылықты сақтап қалу, себебі дағдарыс 2020 жылдың үшінші тоқсанының соңына дейін болады деп күтілуде, ары қарай 12-18 ай бойы ауыр қалыпқа келу кезеңі күтіп тұр. Алайда пандемия сондай-ақ бұрын назардан тыс қалып келген жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мысалы, соңғы онжылдықтағы “digital only” тренді бүгінгі таңда өзінің өзектілігін арттырып, қалыпты үрдіске айналуда. Бұл салыстырмалы түрдегі жаңа ойыншылар мен дәстүрлі қаржылық институттар арасында "жаңа" онлайн клиент үшін тартыстың жаңа кезеңін туындатады. Алайда, егер бұрын қаржылық институттар қаржылық технологиялармен бәсекеге түсетін ішкі R&D (research and development) бөліміне басымдылық берсе, бүгінгі таңда қаржылық технологиялардың көпшілігі сырттағы ұсыныстар мен шешімдерге құшағын айқара ашады. Басқаша айтқанда, жабдықтаушылар ұсынатын қаржылық технологияларға деген банктердің сұранысы едәуір өсті және пандемияға дейін оларды тежеген тәуекелдерге қарамастан, мұндай сұраныс арта бермек. Сату тәсіліне дамудың осы бір жаңа бағытының ықпал ететіні айтпаса да түсінікті. Әсіресе, банктер мен басқа да қаржылық институттарда корпоративтік сатылымның ажырамас бөлігі жүзбе-жүз кездесулер, кәсіби қарым-қатынастар құру болатын. Оның барысында жабдықтаушыларда клиенттің мүддесі мен қажеттілігін нақтырақ түсінуге және нәтижесінде өз ұсынысын әбден жетілдіруге мүмкіндік болды. Бүгінде мұндай практика жоқ, алайда өздерінің корпоративтік сатылым процестерін жылдам бейімдеп, өз ұсыныстарын банктің қажеттіліктеріне дереу бағыттай алған жабдықтаушыларға орасан зор мүмкіндіктер ашылды.
Қаржылық технологиялар индустриясындағы негізгі жеңімпаздар:
Лендинг: капиталды экономиканың осал бөліктеріне тиімді әрі жылдам жеткізуге арналған жедел бейімделетін тетіктер.
Ипотека: бұрын жүзбе-жүз жүргізілген функцияларды алмастыруға арналған "ақылды" тәуекел-рейтингісі және customer journey саласындағы инновациялар.
RegTech (реттеуші технологиялар / тәуекел және комплаенс) рөлі:
Несие беру көлемінің көптігі мен жылдамдығына байланысты алаяқтық пен қаржылық қылмыстар саны да артты. Қаржылық институттар бұрын-соңды болмаған операциялық қысымға және белгісіз қауіптерге ұшырауда. Негізгі басымдылық жылдамдық болып табылады, алайда институттардың көпшілігі әлі де бейімделе қойған жоқ және клиент тәуекелін толыққанды бағалаудың әлі де өнімді әрі тиімді процестерін жасап шығарған жоқ.
Комплаенс пен реттеуші технологиялардағы негізгі жеңімпаз:
KYC (Know-Your-Customer): корпоративтік клиенттерді сараптау және нақты уақыттағы тәуекелді бағалау үшін ішкі және сыртқы дереккөздегі деректерді жинау және шешім шығару мүмкіндігі. Бизнестің нақ иелерін, деректердің бұрмалануын немесе қылмыстық немесе саяси топтармен әлеуетті қатынастарды анықтау.
COVID-19 теріс ықпал еткен қаржылық технология салалары:
Төлемдер (payments): Транзакциялық белсенділіктің төмендеуі комиссияларға негізделген бизнес үлгілерге теріс ықпал етеді
Инвестициялар және wealth management: Клиенттер тәуекелдерді азайтады және осыған байланысты белсенділік төмендейді
АМЛ транзакциялау талдауы: Ұзақ сатылым циклы мен ұзаққа созылатын интеграцияға қосымша ұқсас жүйелер жеке деректерге қолжетімділікті талап етеді және нәтижесінде on-premise жүйелер болып табылады. Талдау жүйелерінің көпшілігі предиктивті талдау үшін клиенттің бұрынғы іс-қимылдарын пайдаланады, алайда бүгінгі таңда бұл деректер аса маңызды рөлге ие болмайды. Себебі клиенттің іс-қимыл үлгісі өзгеріп, мұнымен қоса қаржылық институттардың тәуекел саясаты өзгереді.
Жоғарыда тізбеленген индустриялардан бөлек, компаниялардың көпшілігі белгілі бір өзгерістерді бастан кешіруде. Жабдықтаушылардың басты міндеті – қысқа уақыт ішінде "аман қалу" және өзгерістерге бейімделу. Алайда 2020 жылдың төртінші тоқсанына қарай пандемияның ықпалы инновациялық шешімдерге әлдеқайда ашық болатын жаңа орта қалыптастырады.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін