Бірінші тренд. Офлайн-шоу-румдардың ашылуы
Интернет арқылы сауда жасайтындар үшін бірінші міндет – өз өнімін қымбат емес етіп нақты ұсынатын жолды табу. Оны осы жақын арада шешу керек. Мұны шоу-румдардың көмегімен, көрме мен жәрмеңкелерге қатысу, уақытша дүкендер мен басқа да шараларды ұйымдастыру арқылы жасауға болады.
Бұрын тек интернет-саудамен айналысқан көптеген ірі компаниялар бүгінгі таңда әртүрлі локацияда нақты өкілдіктерін аша бастады.
Екінші тренд. В2В – сауда енді интернет-дүкендерде қолжетімді
В2В сегментіндегі сатып алушылардың дағдылары бірте-бірте өзгеріп жатыр. Бүгінгі күні олар В2С-сегментіндегі интернет-алаңдарға тән функционалды пайдалануға дайын.
В2В-сегментіндегі сатып алу көлемі қомақты және компанияларға сатуды ретке келтірген интернет-дүкендер жылдам қуып жетіп, В2В-жеткізуді қамтамасыз ете алмайтындарды бәсекелестердің күшіне төтеп беруге мәжбүрлейді.
Үшінші тренд. Интернет-саудада нақты интерфейстерді дамыту
Интернет-дүкендер тұтынушылардың нақты қолданудан алатын басымдықтарын қолға алды. 2018 жылы көптеген интернет-дүкен сатып алушыларға мобилді құрылғыларды пайдалану арқылы тауарлардың көлемді және толық өлшемін көруді ұсынуда.
Төртінші тренд. Әлеуметтік желілердегі омникальдық және қатысу
Сауданың бірнеше жолын қолдану - табыс әкелуді арттырады. Заманауи қолданушы қазір сауданың қыр-сырын меңгеріп алған, ол өзін қызықтыратын тауарды "қазір осы жерде" сатып алғысы келеді. Осы "қазір осы жерде" деген тренд мессенджерлер, әлеуметтік желілер арқылы таратылады, тіпті электроны поштаға да келіп тұрады. Сатып алушыларға таласта интернет-дүкендер кері байланысты жылдам жасап, туындаған мәселелерді шұғыл шешіп, тапсырыстарды ыңғайлы рәсімдейтіндер көшбасшы болады.
Заманауи технологиялар интернет арқылы сауда жасауды айтарлықтай жеңілдетеді. Мысалы, CS-Cart-тың көмегімен веб-ресурсты блогқа немесе Facebook-ке виджет ретінде қоюға болады. Facebook арқылы сауда жасауды ұйымдастырған дүкендер клиентті көптеп тартатыны сөзсіз.
Бесінші тренд. Сайттарды және нақты клиентке бағдарланған жарнаманы автоматты баптау
Жасанды интеллектің арқасында жеке клиенттің тәжірибесін жинақтау мен қолдану мүмкін болды. Яғни бұл интернет-парақша мен интернет-жарнаманы нақты бір клиентке бағдарлап автоматты түрде бапатаудың дәуірі туды деген сөз. Пайдаланушыға нені көрсету керектігін ол туралы жиналған бағдарлама көрсетеді. 2018 жылы интернет-сауданың нақты бір жеке клиентке бағдарлануға қарқын алуының дамуы жалғасатын айқын тенденция.
Алтыншы тренд. Дауыс пен дауыс SEO-сын іздеудің артықшылығы
Пайдаланушылар күнделікті өмірде Siri және Alexa дауыстық көмекті жақсы қолданады. Қазір Яндакстің Алиса атты көмекшісі пайда болған. Дауыстап іздеу- ыңғайлы, әсіресе, егер ақпарат шұғыл қажет болғанда. 2018 жылы пайдаланушылар дауыс арқылы іздеуді жақсы қолданған. Сарапшылардың пікірінше, бірнеше жылдан кейін әрбір екінші іздеу дауыстау арқылы жасалатын болады.
Осындай тиісті баптаулар интернет-дүкендердің SEO-сында да пайда болады. Олар жазба сұранысқа сәйкес болады да, машина арқылы талдағанда айтылған сөздердіі ерекешелігін ескереді. Өйткені кейде ол пайдаланушы қойған сұрақты мүлдем таппайды.
Жетінші тренд. Браузерлердің қосалқы рөлі
Интернет-дүкендердің браузерлерге тәуелді болуы үрдісі байқалды. Оның себебі. Интернет-дүкендердің сатып алушылары мобильді қосымша арөылы олардың парақшасына көп кіреді. Осының салдарынан браузер ақпаратты тарату арнасының біріне айналды.
Сегізінші тренд. Сторителлингтің басымдығы
Бүгінгі күні интернет-дүкендер клиенттерді сатып алуға ынталандырып қана қоймай, пайдаланушыға қандай да бір құндылықты ұсынатын креатвиті контентті тартуға тура келеді. Бұл сатып алушыларды тарутдың кез келген кезеңінде, яғни әлеуметтік желідегі жарнамадан немесе пошта арқылы таратудан бастап,тапсырысыт рәсімдегенге дейін маңызды. Идеяны іске асыруға сторителлинг көмектеседі. Қызықты және құнды контентті құру – оңай шаруа емес. Бұған кез келген дүкеннің өз күші жетпейді. Кәсіби копирайтерлер мен контент-стратегтер тап осы үшін қажет. Ықтимал сатып алушыны қызықтыру үшін материал ерекше, қызықты, сапалы жасалған болуға тиіс. Сонда ғана интернет-дүкеннен қайта-қайта тауар алғың келеді.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін