Белгілі бір компанияның ең жақын зарядтау орнын көрсететін смартфондарға арналған 20 шақты қосымша бар. Осының барлығы бірыңғай стандарт пен такси агрегаторы сияқты бірыңғай агрегаторды қажет етеді. Әрине, бұл болашақтың еншісінде, әзірге барлығы тәуелсіз желілер құрып жатыр. Алайда электр зарядтарының дамуына заңнама кедергі келтіріп жатыр, оларды тұрғын үй кешендерінің жерасты автотұрақтарында орнатуға тыйым салынады. Сауда ойын-сауық орталықтарында олар табысты жұмыс істеп жатыр, ешқандай оқиға болған жоқ. Себебі барлығы да сапалы өнімді сапалы орнатуға байланысты.
Бастапқы кезеңде электрокар иелеріне қолдау көрсету қажет. Себебі олар жаңа технологияларды өз қаражатына пайдаланып жатыр. Сондықтан да жеңілдіктердің болғаны дұрыс, бұл адамдарды экологиялық таза көлік түріне көшуге ынталандырады.
Меніңше, электромобильдерді энтузиаст адамдар, одан кейін ілгеру жүру мен барлық жаңашылдықты қолдайтындар сатып алады. Бәрі де инфрақұрылымның дамуына және электромобиль беретін артықшылықтарға байланысты болады. Сондай-ақ бұл электрокарлардың дамуымен де тікелей байланысты. Егер де тиімді баға мен барлық жерде зарядтау станциялары болса, онда халықтың белгілі бір бөлігі электокарларға ауысады. Бірақ олардың үлесі үлкен болады деп ойламаймын. 2-3%-дан көп емес. Оларға қарағанда гибридті көліктердің болашағы зор, олар жалпы жеңіл көлік санының 5%-ына дейін құрауы мүмкін, бұл да аз. Гибридті көліктер мен электромобильдердің жаппай қолданылуына жоғары баға мен зарядтаудың қолайсыздығы кедергі жасайды.
Айта кету керек, былтыр қазақстандықтарда электромобильге деген қызығушылықтың артуы таңқаларлық жайт. Қысқа уақыт аралығында елімізде электр көліктерінің саны 9 мың данаға дейін өсті. Электрокарлар халықтың назарын аударды, оған жаңа модельдердің шығуы себеп.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін