Тапсырмалар мен нақты мақсаттарды белгіледі. Әрине, бүгінде Қазақстанда энергия тапшы. Біздің оңтүстік облыстарда энергия жетіспей жатыр. Қыстың күні Ресейден 6 есе қымбат бағаға электр энергиясын сатып алып отырмыз. Бұрын энергияның тапшылығы сезілмеді. Енді міне уақыт келді, бүгінде энергия тапшы. Қазақстан 113 млрд кВт/сағ энергия қабылдап отыр, соның 2 млрд киловаты былайша айтқанда тапшы, оны көрші елдерден сатып алып отырмыз. Әрине, атом электр станциясын Қазақстанда дамытуымыз керек. 3+ соңғы буынын, яғни екі контурлы су-сулы технологиясын Қазақстанға әкелуіміз керек. Ол технология қауіпсіз.
Елімізде атом энергетикасы саласында жұмыс істейтін мамандар бар.
Сондықтан 6 қазанда өтетін референдумда халық өз таңдауын жасауы керек. Біздің мақсат – атом электр станциясын елімізге қаншалықты керек екенін халыққа жеткізу. АЭС салынатын болса, қуатты энергиямен елімізді қамтамасыз ете аламыз.
АЭС-тың ең басты ерекшелігі – қалдықтарды ауаға шығармайды, яғни көміртектік шығарындыларды ауаға мүлдем шығармайды. АЭС бар жерде экология, қоршаған орта таза болады. Қазір қарап отырсақ, Теміртауда, Балқашта, Алматыда, Екібастұзда, басқа да қалаларда, тіпті Астананың өзінде қысты күні ауа қандай болатынын білеміз. Сол көмірді, көміртегі бөлетін отынды пайдалану экологияға зиян. Оның үстіне біз 2030 жылы көміртегі шығарындыларын 15 пайызға төмендетеміз деп Париж келісіміне қол қойдық.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін