Қазақстан бидай өнімділігі бойынша қай елдермен көрші тұр?

1738

Біз егіс алаңы бойынша Канада, Пәкістан, Иран, Ресей және Үндістанмен бірдейміз. Алайда өнімділік бойынша Ангола, Камерун, Бутан, Сомали, Руанда, Конго, Мозамбик, Бурунди және Малавимен көрші тұрмыз.  

Қазақстан бидай өнімділігі бойынша қай елдермен көрші тұр?
Қазақстанға бидайдан "кету керек" немесе оның өндірісін дұрыстап қолға алу керек. Себебі қазір істеп жатқанымыз өте тиімсіз екені көрініп отыр. 
 
Әрине, бидай сала үшін белгілі бір қауіпсіздік негізін және мемлекеттік масштабта тәжірибе жүргізуге мүмкіндік береді. Алайда экономикалық тұрғыдан қатты ұтылудамыз. Оған қатысты көптеген аллегория келтіруге болады. Бірақ нәтиже көңіл көншітпейтін болса, оның не керегі бар. 
 
Жақында бидай өнімділігі бойынша елдердің салыстырмалы талдауын жариялаған болатынмын. Оның мәнін көбі түсінбеді. Бәлкім, оны тереңірек түсіну үшін деректерді басқа қырынан қарастыру керек шығар. 
 
 
Біз егіс алаңы бойынша Канада, Пәкістан, Иран, Ресей және Үндістанмен бірдейміз. Алайда өнімділік бойынша Ангола, Камерун, Бутан, Сомали, Руанда, Конго, Мозамбик, Бурунди және Малавимен көрші тұрмыз.
 
Басқа талдауға ойыссақ. Х осіне өндіріс көлемін, ал Y осіне өнімділікті жазайық. Нәтижесінде өндіріс көлемі бар екенін, бірақ та олар егіс алаңдарының үлкен аумағын алатынын байқауға болады.
 
 
Кестеде бидайдың орнына басқа дақылдарды қарастырар болсақ, картоптың оқ бойы алда тұрғанын көреміз. Бақша дақылдары, қызанақ пен қияр, пияз және сәбіз – жоғары өнімді және маржиналдық дақылдар. Жүгері мен күнбағыс – жаңа биткоин. Бірақ бізге өнімділікті көтеру қажет. 
 
 
Иә, бізде қауіпті егіншілік аймағы бар, климат нашар, теңізге шығу мүмкіндігі жоқ. Десек те, Пәкістанда АӨК үшін қолайлы жағдайлар бар деп кім айтты? Әлде бұл отандық бидайдың Эритрея деңгейіндегі (оның ауылы да алыс емес) өнімділігін ақтап алу ма?
 
Мұндай көрсеткіштердің себептері де белгілі. Бір учаскеде он жылдан астам алтыншы репродукция қоқыспен себіледі. Генетика, ауыспалы егіс туралы сөз жоқ. Тыңайтқыштар да Назарбаев төлеген салықтан аз мөлшерде енгізіледі, қар тоқтатуға көңіл бөлінбейді және фитосанитария бақыланбайды.
 
Техника да 90 пайызға тозған. Лизингке ақша бар сияқты, алайда берілмейді – "Жасыл даму" депозиттеріндегі қаражат.  
 
Мамандар тапшылығы тұрмақ, оларды (механизаторды, агрономды) табу да оңай емес. Бірақ колледждерді сенімгерлік басқаруға бермейді, өйткені онда жұмысқа орналасу деңгейі жоғары, көрсеткіштер бұзылады.
 
Әрине, барлық фермерлер осылай шалыс басып жатыр деуге келмес. Алайда олар бар. 
 
Нәтиже айқын. Біз астық бойынша Ресеймен, ал жылыжай көкөністері бойынша Әзербайжан, Өзбекстан және Тәжікстанмен енді бәсекеге түсе алмаймыз. Бізде энергия ресурстары иелерінің "тәбеті" жоғары, ал бұл өзіндік құнда маңызға ие. Бірақ әлеуметтік маңызы бар тауарлардың баға белгілеуінде олигархтардың шаруасы жоқ.
 
Жалпы біздің айтарлықтай әлеуетіміз бар. Бар болғаны технология, ғылым және тұқым шаруашылығы мәселесіне байыпты қарауымыз қажет. Мұнай ерте ме, кеш пе таусылады. Ал, біз әлі күнге дейін аграрлық елге айналмадық. Бидайдан біртіндеп, ойластырылған стратегиямен кету керек. Әйтпесе біз көп ұзамай шығынсыздық нүктесіне қайта ораламыз. 

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу