Қазақстандағы жанармай нарығының қазіргі жағдайы

4053

Дизель отыны акцизінің тоннасы 540 теңгеден 9300 теңгеге дейін өседі деп күтілуі мен Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарына жабылуына қатысты дизель отыны нарығындағы маусым айындағы сілкіністен кейін, шілде айында жанар-жағармай нарығы қалыпты жағдайға қайта оралды.     

Қазақстандағы жанармай нарығының қазіргі жағдайы

Қазір елдегі бензин нарығы сұранысты толық қанағаттандырып тұр.  Бензинге деген сұраныс пен ұсыныс қалыпты жағдайда. Шілде айындағы биржадағы бензин сатудың екінші сессиясында баға өскен жоқ.   

Дизель отыны акцизінің жаңа ставкасы 1 шілдеден бастап күшіне енетіні, ал Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы жөндеуге қыркүйек айының екінші жартысында жабылатыны, дизельотыны нарығына әсер етіп, нарықтың көңілінен шығатын теп-тең бағаны қалыптастырып жатыр.  

Акциз ставкасының өзгеруін ескере отырып, бүгінгі күні дизельдік отынның бөлшектік сату бағасы литріне 200-210 теңгеге дейін көтерілетінін болжауға болады. Бұған аймақтардың мұнай өңдеу зауытынан қандай қашықтықта орналасқаны да ықпал етеді. 

Елдің мұнай өңдеу қуаттары қалыпты режимде жұмыс істейді, дизель отынын өндіру көлемі елдің күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруда.

Елдегі МӨЗ-де дизель отынын өндірудің орташа тәуліктік көлемі   шілдеде 16,7 мың тонна, ал жөнелту 15,4 мың тонна болады.

Шілде айында дизельді отынды тұтынудың және Қазақстандағы МӨЗ өндірісінің болжамды көлемін ескере отырып, нарық қажеттілігі 100% -ға қанағаттандырылады, дизельдің "артық" өндіріледі деп болжанып отырған көлемі елдің аймақтарына егін жинау науқаны қарсаңында қор жинау жіберіледі.  

Елдің жанармай нарығына не әсер етуі мүмкін?

Қазақстанның мұнай саласы биылғы жылдың соңына дейін әлемдік мұнай және мұнай өнімдері нарығындағы болжамдар мен тенденцияларды анықтауға мүмкіндік беретін ОПЕК + келіссөздерінің нәтижелерін күтіп отыр.  Мұнай өндірудің айтарлықтай арттыру бойынша күтіп отырғандай нәтиже жоқ екенін келіссөздер процесінен көріп отырмыз, соның салдарынан мұнайдың әлемдік бағасының  төмендеуі жайлы болжамның да жүзеге аспайтынын көруге болады. Әлемнің алдыңғы қатарлы агенттіктері келіссөздер процесіне қатысушылардың бір байламға келе алмауы мен мұнай тұтынудың өсуі, сондай-ақ оны өндіруге қатысты шектеулер болмауын ескер отырып, қазірдің  өзінде мұнай бағасы барреліне 100 долларға дейін өседі деп болжауда.    

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстанның ішкі нарығына бензин мен дизель отынын жеткізуге қарағанда мұнай мен мұнай өнімдері бағасының өсуінен мұнай өнімдерінің (мазуттың) қара сұрыпты экспорттық жеткізу экономикалық тұрғыдан тиімді екенін де ескерген жөн. Мұнай өнімдеріне әлемдік баға белгілеу көрсеткішінің жоғарылағаны соншалық, бүгінде Атырау мұнай өңдеу зауытына бензин өндіргеннен мазут өндірген пайдалы.

Мұнай өңдеу саласының өкілдері үкімет бизнестің экономикалық мүддесі үшін елдің ішкі нарығының бұзылуына жол бермейтінін жақсы біледі. Дегенмен мемлекет пен бизнестің мүддесінде тепе-теңдік сақталуға тиіс деп санайды.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу