Сарапшы қандай IT өнімдерге басымдық берілетінін айтты

АҚШ-тағы Consilienz inc. компаниясының бас атқарушы директоры және негізін қалаушы Элисар Нұрмағамбетов нарықтағы IT өнімдердің сатылымына қатысты пікірімен бөлісті. 

Сарапшы қандай IT өнімдерге басымдық берілетінін айтты

Сонымен қатар ол тапсырыс берушілер IT өнімдерін сатып алу барысында неге көңіл бөлетінін, қайсыларының өзектілігін жоғалтып жатқанын да сұхбат барысында сөз етті.

Қазір IT өнімдері саудасында шешім қалай қабылданады?

Mission critical міндеттерін шешетін өнімдердің сатылым циклі айтарлықтай қысқарды. Көптеген корпорациялар мен қаржы институттары нарықтың жаңа формасына бейімделіп жатыр, бұл дегеніңіз көптеген қатерлер мен жаңа мүмкіндіктердің пайда болғанын білдіреді. Мысалы, банктер мен басқа да қаржы институттары жаңа тегеуріндерге тап болды, қазір олар өздерінің клиенттер портфелін қайта қарастырып жатыр, өйткені қатерлерді болжаудың  бұған дейінгі моделі қазір өзектілігін жоғалтты. Мұнай саласына қатысты компаниялар секторының операциялық және қаржы ахуалына шикізат нарығындағы дағдарыспен қатар індет қатты әсер етіп отыр. Осы орайда банктер осы сегментке қатысты несиелік қатерлерді бағалап, осал тұстарын анықтау керек, яғни клиенттердің несие төлей алу қабілеттілігін болжау қажет. Сонымен қатар банк шығындарын қысқарту үшін қандай шаралар қабылдау керектігін де қарастыруы шарт. Бұл тек мұнай компанияларына ғана емес, олардың контрагенттеріне, жеткізушілері мен осы саламен байланысы барларға да қатысты. Бизнеске кредит беру тұрғысынан қарасақ, банктер шұғыл әрекет жасауды үйренуі қажет, бұл mission critical болып саналады. Қатерлерді бағалаудың  ескі legacy жүйелері қазір мұндай міндеттерді орындай алмайды. Бірақ бұл жетілдірілген өнімдер үшін жаңа мүмкіндік туғызып отыр. Бүгінгі таңда бизнес клиентке қатысты нақты мәлімет болу керек және соған байланысты тез шешім қабылдау маңызды. Сонымен қатар жеке тұлғалардың несиелік қатерлерін бақылау тұрғысынан қарайтын болсақ, банктер аппликаттың тек несиелік тарихы мен кепілзатын бағалап қана қоймай, оның жұмыс орнын, индустриядағы өзгерістерді біліп отыру қажет. Бұл деректер несиені төлей алу қабілеттілігін анықтауға көмегін тигізеді. Қазір осындай мүмкіндіктермен қамтамасыз ететін, қолжетімді әрі енгізу үшін көп уақыт талап етпейтін аналитикалық өнімдерге деген сұраныс өсіп жатыр.

Қазір тапсырыс берушілердің IT өнімдерін сатып алу барысында неге көңіл бөледі? Қалай өзгерді ахуал?

Әлем нарығындағы өзгерістер тек банктерге ғана емес барлық  корпорацияларға да әсер етіп отырғаны анық. Инновациялық корпорациялар  да сатып алу саясатын өзгертіп жатыр, IT-ден бөлек басқа да жеткізушілерді жіті тексереді. Жалпы, осының салдарынан тендерлерді өткізу процесі де өзгеріп барады. Тапсырыс берушілер үшін қазір мына нәрселер маңызды: нарықтағы өзгерістер кезінде сапалы тауарды жеткізу қабілеттілігі, тауарлар мен қызметтердің болашағын бағалау мен операциялық тиімділік. Яғни Due Diligence процесі қазір қарқынды түрде дамып жатыр.

Пандемия кезінде қандай IT өнімдерге басымдылық беріледі?

Бұған дейін атап өткен өнімдерден бөлек қазір ұйымның операциялық тиімділігі мен икемділігіне тікелей әсер ететін жүйелерге деген сұраныс өсті. Егер бұрын инновациялық шешімдерге деген сенімсіздікт көп болса, қазір мұндай шешімдер өте маңызды саналады. Мысалы, бұрын банктерге жетілдірілген жүйелер керек болған жоқ, бүгін таңда ахуал күрт өзгерді. Бұрын жеткізушілерді бағалаудың стандартты саясаты жүргізілген болса, енді оны жетілдіру қажеттілігі туындады. Тапсырыс беруші жеткізушінің жұмысты уақытылы орындайтынына көз жеткізуі тиіс,себебі, сәтсіздікке ұшыраған жағдайда қатерлердің салдары орасан болады. Бұл өз кезегінде жеткізушілерді бақылау және бағалауға байланысты IT өнімдердің жетілдірілуіне деген сұраныстың өсуіне әсер етеді. Яғни жеткізуші мен оның қызметкерлерінің қылмыспен айналыспағаны, олардың бақылау тізімінде бар-жоқтығы, оларға пандемия қалай әсер етті деген сияқты нәрселерді білу  керек. Қазір көптеген тапсырыс берушілер бұл процестерді excel кестелерінде, ескірген IT өнімдерінде жүргізеді. Қазіргі нарықтың талабы өзгеше:  бақылауға, қатерлерді азайтуға және тез шешім қабылдауға арналған аналитикалық жүйелер керек. Пандемия кезінде point-solutions деп аталатын IT өнімдері өзектілігін жоғалтты, өйткені олардың атқаратын функциялары шектеулі және олар нарық пен тапсырыс берушінің алуан түрлі талаптарына сәйкес келмейді.

Табиғат Нұрболат

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу