"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының басты бағыты – адами капиталды дамыту

10957

Цифрлық трансформациялау адамның қатысуынсыз іске асуы мүмкін емес.

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының басты бағыты – адами капиталды дамыту

Өткен бір жылда "Самұрық-Қазына" қорында трансформациялау-бағдарламасы қарқын алды. "ҚТЖ", "Қазатомөнеркәсіп", "Кегок", "Қазпошта" және "Самұрық-Энерго" сияқты компанияларда да жоба іске қосылудың алдында тұр. Бұл- нарық үшін стратегиялық маңызды нәтиже. Біз алдағы бір-екі жылда компаниялар негізгі процестерді басқару үшін орталықтандырылған біріккен жүйені алатынына сенімдіміз, сонымен қатар жобалық ресурс қалыптасып, қажетті білім жинақталады.

Осының барлығы "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында экономиканы одан әрі дамытуға негіз болады.

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының басты бағыты – адами капиталды дамыту. Біздің жаһандық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, мемлекеттік басқару мен экономиканы табысты цифрлық трансформациялау – осы бағыттағы мақсатты жұмыссыз іске асуы мүмкін емес. Сондықтан да Қазақстандағы негізгі жұмыстарымыздың бірі "Университеттік альянс SAP" бағдарламасы болып қала бермек. Бүгінгі күні еліміздің 12 жоғары оқу орны  бұл бағдарламаның мүшесі.

Оқытушылар мен студенттерді цифрлық технологияға оқытумен қатар, университет базасында SAP Next-Gen Lab инновациялық зертханасын ашу жоспарлануда. Бұл - әлемнің барлық SAP пен жоғары оқу орындарында сынақтан өткен цифрлық экономика саласындағы инновациялық міндеттерді шешу форматы. Зертхана студенттердің кәсіпкерлік және дизайнерлік дағдысын, эмоциялық интеллектің жобаға бағдарланған ойлауын дамытуға бағытталған.

Мұндай зертханалардың негізгі мақсаты – жаңа инновациялық өнімдер мен шешімдерді әзірлеу. Бұған тапсырыс берушілер – SAP клиенттері мен серіктестері. Тап осындай формат цифрлық экономика жағдайында адами ресурстарды дамытуға қажет болады деп есептейміз.

Қазақстанда жұмыс жасап жатқан уақыт ішінде  алғаш рет биыл тапсырыс берушілеріміздің бірден екі жобасы ТМД өңіріндегі SAP Quality Awards жаһандық байқауында жеңімпаз болғаны көңіл қуантады. Бұл байқауда барлық ТМД елдері ішінен ең сапалы жобалар таңдап алынады.  SAP-та әділқазы болу үшін халықаралық сарапшылар шақырылады.

"Қазмырыш" компаниясы SAP Quality Awards байқауында "Бизнес-трансформация" атауында жеңімпаз болды. Ең қысқа мерзімде компанияға SAP цифрлық ядросы, қызметкерлерді басқару процесі, бюджеттеу және консолидация  енгізіліп, өндірістік пайдалануға берілді. Бүгінгі күні бұл жоба- Қазақстандағы S/4HANA цифрлық платформасын енгізудің ең ірісі. Бұл шынында да таңқалдыратын нәтиже.

Келесі жеңімпаз – бұл бүгінгі күні Қазақстан мен ТМД-да аналогы жоқ жоба. Бұл жобаны енгізуден  еліміздің ірі банкі цифрландырурдан толық пайда көрді.   Қазақстан Халық банкін "Алдыңғы қатарлы технологиялар" номианциясындағы жеңісімен құттықтаймыз.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу