Ұрып-соғуды соңғы 7 жылда нормаға айналдырған ел үшін бұл заңның қабылдануы аса маңызды. Қол көтеру мен ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру адамның өмірі мен денсаулығына қарсы жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық болып танылды. Бұған дейін бұл әрекеттер тек әкімшілік құқық бұзушылық болатын.
Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру үшін айыппұлдың 15 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін ұлғаюы, 15 күндік әкімшілік қамаққа алудың 200 күндік қамаққа алумен алмастырылуы. Балаларға қарсы жасалатын зорлық, педофилия, қасақана өлтіру әрекеттері үшін өмірбақи бас бостандығынан айыру болады.
Мәселелер бірден шешілмесе де, мұз еріді деуге болады. Соңғы 7 жылда 3 есе артып кеткен тұрмыстағы зорлықшылардың саны төмендейді, халықтың зорлық-зомбылықтың қандай түріне болмасын төзбеушілік мәдениеті артады деп сенемін. Ұрып-соғу, тіл тигізу мен қатаң жазалау ешқашан ұлттық тәрбие құралдары болмаған. Тұрмыстағы зорлыққа қатаң жазадан қорқатындар – өздері зорлықшылар. Баласын ұрғаны үшін баласының тартып алынуынан қорқатындар – өздері баласын ұратындар. Қылмыс санының азаюына тек бір бап емес, толық қоғам болып атсалысуымыз тиіс. Көршіңізді ұрып жатса, үнсіз қалмаңыз. Баласын ұрып жатқан ата-ананы көрсеңіз, әрекетсіз өтпеңіз. Біз сонда ғана бұл дерттен арыла аламыз.
Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін