Валюта болжамы: 11 наурыз – 15 наурыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
378,538

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
08.3.2019
378,45-379,85
Астана-Инвест
08.3.2019
375-385
ГК «ФИНАМ»
08.3.2019
375-380
IFC Markets
08.3.2019
374-381
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,704

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
08.3.2019
5,65-5,80
Астана-Инвест
08.3.2019
5,6-5,8
ГК «ФИНАМ»
08.3.2019
5,5-5,8
IFC Markets
08.3.2019
5,67-5,81
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
428,250

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
08.3.2019
427-428
Астана-Инвест
08.3.2019
426-436
ГК «ФИНАМ»
08.3.2019
425-429
IFC Markets
08.3.2019
423-432
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
08.3.2019
Астана-Инвест
08.3.2019
ГК «ФИНАМ»
08.3.2019
IFC Markets
08.3.2019

inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (11 наурыз – 15 наурыз). ​

11 наурыз – 15 наурыз

 

4 наурыз – 8 наурызға арналған валюта болжамы

 

 

Іnbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар алдағы аптада бағам белгілеуге әсер ететін факторлар негізінен сыртқы триггерлер деп отыр. Олар ең бірінші Америка валютасы («Альпари», «ФИНАМ» КТ, IFC Markets) мен мұнай котировкасына («Альпари», «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ, «ФИНАМ» КТ, IFC Markets) мән береді.

Сонымен қатар сарапшылар Ресейге қарсы санкцияларға («Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ), ЕОБ-ның бейсенбі күні өткен отырысының нәтижесіне («ФИНАМ» КТ), Қазақстанда Ұлттық банктің жақын аралықта базалық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін екеніне (IFC Markets) тоқталды.

Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.   

 

Анна Бодрова,  «Альпари» компаниясының аға сарапшысы:

11 наурыз – 15 наурызТеңгеге мықты доллар мен әлсіз мұнай бағасы қысым болады. Соңғы күндері мұнай бағасының өзгеруі теңгеге әсер етті. Биржадағы «мықтылар» ақша таба бастауы мұң екен, теңге әлсіреп берді. Наурыз айының алғашқы аптасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 65,04 долларға дейін түсті, алайда кейін 66,10-66,55 доллар шамасында бекіді. Егер жаңалықтар ағынында тосын ештеңе болмаса, онда Brent маркалы мұнай 65,80-66,95 доллар шамасында саудаланатын болады.

Әлемдік валюта нарығында «алшаң басып келе жатқан» АҚШ-тың мықты доллары да теңге үшін қысым. Доллардың мықты болуы наурыз айының басында жарияланған америкалық статистикаға да  байланысты. Бұл орайда 8 наурыз күні шығатын ақпан айындағы АҚШ нарығының жұмыспен қамтуға қатысты есебі де маңызды болмақ.

Наурыз айының екінші аптасында бір АҚШ доллары 378,45-379,85 теңге, еуро – 427-428 теңге, рубль – 5,65-5,80 теңге болуы мүмкін.

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы: 

11 наурыз – 15 наурызРесей влютасының бір доллар үшін 66 рубльден сатылғанына да бір апта болып қалды. Тап осы деңгейден рубль бірден не көтеріліп, не бірден түсіп кетуі де ғажап емес. Өйткені рубльге өсіп келе жатқан мұнай бағасы қолдау болғанымен, бір жағынан санкциялар қысым. Бұған қоса Ресейдің экономикалық даму министрлігі рубль бағамына қатысты жағымсыз болжам жасап отыр. Осыған қарап рубль төмендейді-ау деген ойдамын.

Бұрынғыша, бір рубльдің 5,7-5,8 теңге болуы көтеріңкі бағам. Біздің экономикамызға бір рубльдің 5,4-5,6 теңге болғаны да жетіп жатыр. 

Біліктілігі және тәжірибесі жоқ инвесторларға криптовалютаның ауылынан алыс жүруге кеңес беремін. Әсіресе, биткойнға ақша салудан аулақ болған жөн.

Алдағы аптада бір АҚШ доллары 66-68 рубль, бір рубль 5,6-5,8 теңге, бір доллар 375-385 теңге, бір еуро 426-436 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 66-68 доллар болады деген божасап отырмын

 

Сергей Дроздов,  «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:  

11 наурыз – 15 наурызӨткен сауда қорытындысы бойынша Америка биржаларының индикаторлары төмен көрсеткіш көрсетті. Компания басшылығының биылғы жылғы кері ақша ағыны жайлы болжамынан кейін, General Electric акциялары екінші күн қатарынан түсіп кетті.

S&P 500 кең нарығы индексі 0,65%-ға төмендеді, сауданы 2771,45 көрсеткішімен жапты. Өндірістік Dow Jones индексі 0,52%-ды жоғалтты, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 0,93%-ға түсті.  10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі үш базистік көрсеткішке 2,68%-ға дейін түсті.

Бейсенбі күні инвесторлардың назары ЕОБ отырысында болды. Еуропалық реттеуші мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырып, аймақтың экономикасына қатысты болжамдардың нашарлауына мән береді, ал бұл LTRO-ның кезекті раундына себеп деген болжам болған еді. Осылайша, АҚШ пен Еуроаймақтағы пайыздық мөлшерлемедегі айырмашылық мықты доллардың пайдасына жұмыс істеп, келешекте жаһандық валюта нарығында өз позицияларын одан сайын күшейтуге әкелуі мүмкін.

Өткен сауда қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнай бағасы 0,55%-ға өсіп, 65,97 доллар шамасында жабылды.

АҚШ энергетика министрлігінің елдегі апталық мұнай қоры 7,07 млн баррельге өсті, ал бензин қоры 4,23 млн баррельге түсті деген қарама-қайшы мәліметі сауда барысында құбылмалыққа әкелді. Алайда ойыншылар әмірлік сәуірде Азия аймағы елдеріне экспортталатын мұнайдың барлық түрінің бағасын өсіреді деген Саудияның мәлімдемесіне мән бергенді жөн көрді.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,5-5,8 теңге, долларға қатысты бағамы 375-380 теңге және еуроға қатысты бағамы  425-429 теңге болады деп болжап отырмыз.

 

Дмитрий Лукашов,  IFC Markets сарапшысы: 

11 наурыз – 15 наурызӨткен аптада қазақстандық валютаның долларға қатысты бағамы одан әрі әлсірей түсті. Бұл ретте оның еуро мен рубльге қатысты бағамы еш өзгермеді.

Мұнай бағасы шамалы артты, сондықтан теңге бағамына ішкі факторлар жағымсыз әсер етті деуге болады. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25% жоғары деңгейінде қалдырды. Алайда банк хабарламасында «алдағы базалық мөлшерлемені қарастырғандағы ескерілген сыртқы факторлардың нашарлау қаупі іске аспағандықтан, Ұлттық банктің бағалауынша оның алдағы уақытта білінуі азайды» деп көрсетілген.

Менің ойымша, бұл алдағы уақытта мөлшерлеменің төмендеуі мүмкін екенін көрсетеді. Сондай-ақ бұл валюта нарығына қатысушылардың көңіл-күйіне әсер етті.

Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,67-5,81 теңге, бір доллар үшін 374-381 теңге, бір еуро 423-432 теңге болады деп  болжап отырмыз.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу