Валюта болжамы: 17 маусым – 21 маусым

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
383,150

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
14.6.2019
383-385
Астана-Инвест
14.6.2019
380-385
ГК «ФИНАМ»
14.6.2019
381-385
Forex Club
14.6.2019
383,5-384
DAMU Capital Management
14.6.2019
382-383
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,871

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
14.6.2019
5,89-5,97
Астана-Инвест
14.6.2019
5,8-5,9
ГК «ФИНАМ»
14.6.2019
5,7-6
Forex Club
14.6.2019
5,8-5,9
DAMU Capital Management
14.6.2019
5,85-5,90
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
430,300

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
14.6.2019
433-435
Астана-Инвест
14.6.2019
420-430
ГК «ФИНАМ»
14.6.2019
430-435
Forex Club
14.6.2019
432-433
DAMU Capital Management
14.6.2019
425-430
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
14.6.2019
Астана-Инвест
14.6.2019
ГК «ФИНАМ»
14.6.2019
Forex Club
14.6.2019
DAMU Capital Management
14.6.2019

Іnbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (17 маусым – 21 маусым ). ​

17 маусым – 21 маусым

 

 10 маусым – 14 маусымға арналған валюта болжамы

 

 

Іnbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар қазақстандық валютаның қалыптасуына өткен аптадағыдай энергия тасымалдаушылар нарығындағы динамика әсер етті деп отыр. Осы триггерді сауалнамаға қатысқан барлық сарапшы атап кетті. Сарапшылар мұнай бағасына әсер ететін жекелеген факторлар ішінен ОПЕК келісімінің  созылуы мүмкін екенін, Ормұз бұғазындағы мұнай танкерінің өртенуін, сондай-ақ АҚШ-та шикізат қорының  өсуі туралы хабарды атап кетті.

Бұған қоса, сарапшылар АҚШ пен Қытайдың өзара сауда қарым-қатынасының әсеріне тағы тоқталып кетті. Сонымен қатар сарапшылар АҚШ-тың монетарлық саясатына және жақындап қалған ФРЖ отырысына мән берді.

Ішкі факторларға келер болсақ, сарапшылар Қазақстанда өткен сайлау мен іске аспай қалған митингілерге, сондай-ақ үкіметтегі өзгерістерге тоқталып, Ұлттық банктің валюталық интервенция жасауы ықтимал екенін атап кетті.

Сарапшылардың егжей-тегжейлі пікірін  inbusiness.kz. дайындаған кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

 

Анна Бодрова, «Альпари» ақпараттық-сараптамалық орталықтың аға сарапшысы:

17 маусым – 21 маусым Маусым айының жаңа аптасы АҚШ доллары үшін 383-385 теңге шамасында өтеді, ал қазақстандық валюта мұнай бағасының динамикасының тұрақты болмауынан қысым астында болады. Еуро 433-435 теңге, ал рубль 5,89-5,97 теңге шамасында  саудаланады. Рубль/теңге бағамындағы құбылмалық соңғы күндері айтарлықтай өсіп кетті, бұл ішкі жағдайға байланысты болуы мүмкін.

Теңге үшін геосаяси жағдай қалыпты, тәуекелді факторлар шикізат, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздерінің барысы болып отыр. 

 

 

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:  

17 маусым – 21 маусым Қазақстан мен Ресей валюта нарығы ресейлік нарықта тек өсуге ғана емес, сондай-ақ төмендеуге «ойнайтын» ойыншының болуы, ал Қазақстанда мұндай инвесторлардың болмауымен ерекшеленеді. Қазақстанда тек девальвациядан қорқып доллар сатып алып жатқандар бар. Алдағы келешекті ойлап қам жегендер үшін бұл дұрыс шешім. Бірақ та долларды қазір сатып алып, оны 5-10 жыл бойы сақтайтын болса, онда осы уақыт ішінде теңгенің бір әлсірейтіні анық. Менің ойымша, тап қазіргі уақытта теңгенің әлсіреуі үшін еш себеп жоқ. Сайлау өтті, рұқсат етілмеген митингілер болмай қалды, рубль әзірге тыныш. Сондықтан бұдан әрі «қара алтын» бағасын басты назарда ұстайтын боламыз.

Алдағы аптада бір АҚШ доллары 63,5-65 рубль , бір рубль 5,8-5,9 теңге, бір доллар 380-385 теңге, бір еуро 420-430 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 60-63 доллар болады деп отырмын. 

 

 

Сергей Дроздов,  «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

17 маусым – 21 маусым Маусым айының алғашқы онкүндігінде байқаған америкалық акциялар нарығындағы қарқын басылып келеді. Осыған дейін айтып кеткенімдей, S&P 500 акцияларының одан әрі өсуі америка-қытай келісімінде ілгерілеусіз қиын болады. Алайда нарықтарды америкалық реттеушінің пайыздық мөлшерлемені төмендету идеясы біраз ұстап тұрады.

Алдағы аптада АҚШ ФРЖ-сының кезекті отырысы болады. Тап қазіргі уақытта фьючерстер шілде айында мөлшерлеменің әлсірейтініне 80% кепіл беріп отыр.

Біз алдағы аптада теңгенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы бір рубль үшін 5,7-6 теңге, бір доллар 381-385 теңге, бір еуро үшін 430-435 теңге болады деп отырмыз.

 

 

 Айдар Қалиасқар, Forex Club-тың қаржылық скауты:

17 маусым – 21 маусым Қазақстан үкіметіндегі өзгерістер теңгеге аса әсер ете қойған жоқ. Атап айтсақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жеке құқық қорғау органы етті. Сондай-ақ білім министрі өзгерді.

Теңгеге негізінен сыртқы факторлар көп әсер етеді деуге болады. Ормұз бұғазында танкер өртенді деген хабардан кейін, мұнай бағасы көтерілді. Бұған қоса, инвесторлар АҚШ-тағы мұнай қоры аяқ астынан өсуі туралы мәлімет шыққан соң, арзандаған мұнайды сатып алуда.

Теңге үшін бағыт-бағдар болып отырған ресейлік рубль  бірқалыпты динамиканы көрсетіп отырған жоқ. Оның еурлаға шаққандағы бағым төмендеп, долларға шаққандағы бағамы өсуде.

Алдағы уақытта мұнай бағасы өсетін болса, теңге тағы біршама қымбаттауы мүмкін. Бұл жағдайда теңге бір доллар үшін 383,5-384 теңге, бір еуро үшін 432-433 және бір рубль үшін 5,8-5,9 теңге болуы мүмкін.

 

Мұрат Қастаев,  «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

17 маусым – 21 маусым Осы аптада ішкі валюта нарығындағы шиеленістің басылғанын байқадық. Президент сайлауы өтті, митингілер бәсеңдеп қалды, ішкі саяси өзгеріс қаупі саябырлады.

Әлемдік экономикаға келер болсақ, АҚШ-тың Мексикадан келетін тауарға жаңа баж салығын енгізуі қаупі іске аспай қалды. Сондай-ақ АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысында жағымды тұстар пайда болды. Екі ірі сауда алыбының арасындағы бұл шиеленіс жаздың соңына қарай шешіледі деп ойлаймыз.

Мұнай бағасы сәрсенбі күні 59 долларға дейін түсіп кетті, бірақ та кейін 62 доллар шамасына дейін қайтып көтерілді. ОПЕК келісімі ұзартылуы мүмкін, бұл мұнай котировкасы үшін қолдау болып, бір баррель 70-75 долларға дейін көтерілу мүмкін.

Сонымен қатар келесі аптада АҚШ ФРЖ-сының базалық мөлшерлемені төмендетуге қатысты күтіліп отырған болжамының нақты көрінісін көретін боламыз. ФРЖ-ның мөлшерлемені төмендетуі қор және шикізат нарығына қолдау болып, мұнай мен дамушы елдер валютасын көтереді.

Алдағы аптаның жалпы сыртқы экономикалық жағдайы теңге үшін тыныш және жағымды болмақ, тәуекелдер балансы әзірге ұлттық валютаның жағында болып тұр.

Доллар бағамы 384 теңге болғанын көріп отырмыз, бұл Ұлттық банктің араласпай отырғанын немесе араласуын қысқартып отырғанын дәлелдейді.

17 маусымнан бастап 21 маусым аралығында доллардың 382-383 теңге шамасына қайтып келгенін көреміз, ал еуро болса 425-430 теңге, ресейлік рубль 5,85-5,90 теңге болады деп отырмыз.

 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу