Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
15.5.2020 |
418-425 |
ГК «ФИНАМ»
15.5.2020 |
419-425 |
Wall Street Invest Partners
15.5.2020 |
418-423 |
Евразийский Капитал
15.5.2020 |
418-427 |
Forex Club
15.5.2020 |
410-417 |
Астана-Инвест
15.5.2020 |
418-423 |
DAMU Capital Management
15.5.2020 |
415-425 |
Gold Mining Capital
15.5.2020 |
416-426 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
15.5.2020 |
5,50-5,95 |
ГК «ФИНАМ»
15.5.2020 |
5,6-5,8 |
Wall Street Invest Partners
15.5.2020 |
5,70-5,75 |
Евразийский Капитал
15.5.2020 |
5,72-5,77 |
Forex Club
15.5.2020 |
5,5-5,7 |
Астана-Инвест
15.5.2020 |
5,6-5,8 |
DAMU Capital Management
15.5.2020 |
5,75-5,85 |
Gold Mining Capital
15.5.2020 |
5,6-6,1 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
15.5.2020 |
450-485 |
ГК «ФИНАМ»
15.5.2020 |
455-460 |
Wall Street Invest Partners
15.5.2020 |
452-457 |
Евразийский Капитал
15.5.2020 |
450,0-457,0 |
Forex Club
15.5.2020 |
448-452 |
Астана-Инвест
15.5.2020 |
445-455 |
DAMU Capital Management
15.5.2020 |
445-455 |
Gold Mining Capital
15.5.2020 |
450-460 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
15.5.2020 |
56-64 |
ГК «ФИНАМ»
15.5.2020 |
59-61 |
Wall Street Invest Partners
15.5.2020 |
59,30-69,30 |
Евразийский Капитал
15.5.2020 |
58,9-60,0 |
Forex Club
15.5.2020 |
58,7-59 |
Астана-Инвест
15.5.2020 |
58-60 |
DAMU Capital Management
15.5.2020 |
55-60 |
Gold Mining Capital
15.5.2020 |
57-62 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (18 мамыр – 22 мамыр).
11 мамыр – 14 мамырға арналған валюта болжамы.
Осы аптада inbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылар мұнай бағасын сөз етті. Сонымен қатар олар АҚШ-тағы мұнай қорына, Сауд Арабиясының шикізат өндірісін азайтуына, Қытайдағы сұраныстың артуына және басқа да экономикалық триггерлерге тоқталды.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:
Теңгеге әсер етіп жатқан катализаторлар мыналар: мұнай, инвестерлордың қатерлер туралы пікірі мен карантин шаралары. Шикізат нарығындағы жағдай тұрақты. Өндіріс қысқарғаннан кейін, Brent сұрыпты мұнай бағасы 35 долларға дейін көтерілуі мүмкін. Теңге үшін бұл жағымды фактор. Келесі аптада бір доллар 418-425 теңге болуы мүмкін. Ал бір еуро 450-485 теңге, бір рубль 5,50-5,95 теңге, ал бір юань 56-64 теңге болады.
Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:
Өткен сауда қорытындысы бойынша, америкалық биржа алаңдары оң нәтиже көрсетті. S&P 500 индексі 1,15%-ға көтеріліп, 2852,5 пунктке тірелді. Dow Jones индексі 1,62%-ға көтеріліп, NASDAQ индексі 0,91%-ға артты. АҚШ-тың 10-жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі үш базистік пунктке төмендеп 0,63% болды. Германияның 10-жылдық қазынашылық облигациялары да бір базистік пунктке төмендеп, -0,54% болды. Brent cұрыпты мұнай баррелінің бағасы 7,91%-ға көтеріліп, 31,51 долларға жетті.Бұған мұнайға деген сұраныстың 8,6 млн баррельге дейін қысқаруы түрткі болды. Saudi Aramco компаниясы қабылдаған шарадан кейін, шикізат құны қымбаттаған еді. Бірақ кейін бағалар қайтадан түсіп кетті. Сонымен қатар Сауд Арабиясының бір күндік өндіріс көлемін азайтуы да септігін тигізді.
Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 419-425 теңге, бір рубль 5,6-5,8 теңге, бір еуро 455-460 теңге, бір юань 59-61 теңге болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС-ның бас директоры:
Осы аптада инвесторлардың назары пандемиядан кейін әлемдік экономиканың қалай қалып келетініні туралы талқылауларда болды. Америкалық мұнай қорының азаюы эталон маркалық шикізат құнының қымбаттауына әсер етті. Brent баррелінің бағасы 32 долларға дейін жетті. АҚШ экономикасын қолдау мақсатында тағы 3 трлн доллар бөледі. Қазір бұл алпауыт елдегі жағдай мәз емес. Ондағы жұмыссыздық деңгейі індет кесірінен 14,7%-ға дейін көтерілген. Қазақстанда 2020 жылдың алғашқы төрт айында ЖІӨ көрсеткіші 0,2%-ға кеміді. Біздің болжам бойынша, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 5%-ға дейін төмендейді.
Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 415-425 теңге, бір еуро 445-455 теңге, бір рубль 5,75-5,85 теңге, бір юань 55-60 теңге болады.
Данияр Жұмекенов, Wall Street Invest Partners аналитигі:
Теңге құбылмалылыққа қарамастан тұрақтылық танытып отыр. Бұған мұнай бағасының соңғы уақытта қалыпты деңгейде сақталуы түрткі.Сонымен қатар Сауд Арабиясының шикізат өндірісін қысқартуы мен бірқатар елдегі карантин шараларының тоқтатылуы да нарыққа оң әсерін тигізуде. Әзірге мұнай бағасының көтерілуіне ықпал ететін фактор жоқтың қасы. Алайда шикізат құнының арзандауына септігін тигізер бірқатар себеп бар. Осы айда WTI мұнайының шілдедегі фьючерстері аяқталады. Сондықтан нарықтағы жағдай өзгеруі мүмкін.
Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 418-423, EUR/KZT – 452-457, RUB/KZT – 5,70-5,75, CNY/KZT – 59,30-69,50.
Ерлан Қойшыбаев, Gold Mining Capital аналитигі:
Мұнай бағасы өткен аптада көтерілді. Шикізат өндірушілер сатылымды қысқартып жатыр. Қазір Saudi Aramco мұнайды өзінің негізгі сатып алушыларына өткізіп жатыр. Сұраныстың аз көлемде кемуі мен ұсынымның қысқаруы нарыққа оң әсерін беруде. Қытайда өнеркәсіптік өндіріс осы айда 4,9%-ға азайды. Өткен айдағы көрсеткіш 8,4% болған еді. АҚШ пен Қытай арасындағы коронавирусқа қатысты даудан юань зардап шегуде.
Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 416-426, EUR/KZT – 450-460, RUB/KZT – 5,6-6,1, CNY/KZT – 57-62 болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Теңгенің долларға, еуроға және юаньға қатысты бағамы осы аптада нығайды. Ал рубльге қатысты бағамы әлсіреді. Мұндай динамикаға мұнай бағасының өсуі себеп болып отыр. Сондай-ақ Қазақстанда коронавирусқа қатысты ахуалдың да реттелуі септігін тигізген. Еліміздің бірқатар өңірінде карантин шаралары қысқартылып жатыр. Әуе қатынасы бұрынғы режимге оралды. ТЖ режимі 11 мамырда аяқталды.
Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 410-417, EUR/KZT – 448-452, RUB/KZT – 5,5-5,7, CNY/KZT – 58,7-59.
Әли Сағындықов, «Евразийский Капитал» АҚ аналитигі:
Өткен аптада мұнай нарығында сәл құбылмалылық байқалған еді. Осы аптада америкалық мұнай қорының азаюы мен Сауд Арабиясының өндірісті қысқартуы сияқты факторлар Brent сұрыпты мұнай баррелінің қымбаттауына түрткі болды. Сонымен қатар Қытайда шикізатқа деген сұраныс артып жатыр деген деректер бағалардың өсуіне қолайлы жағдай туғызып отыр. Әзірге Қазақстан экономикасы пандемиядан қаншалықты зардап шеккенін айту қиын. Бірақ оның салдарымен күрес теңгені алдағы уақытта бірталай әлсіретуі мүмкін. Келесі аптада бір доллар 418-427 теңге, бір еуро 450-457 теңге, бір рубль 5,72-5,77 теңге, бір юань 58,9-60 теңге болады.
Серік Қозыбаев, «Инвестиционный дом «Астана-Инвест» АҚ инвестициялық сараптама бөлімінің басшысы:
Қазір мұнай бағасы көтеріліп жатыр. Өйткені бұған дейін ОПЕК+ елдері өндірісті 1 мамырдан бастап қысқарту туралы шешім қабылдаған еді. Дегенмен экономика оңайлықпен қалпына келе қоймасы анық. Оған бірнеше себеп бар. Біріншісі: вирустың таралуы. Бірқатар ел шектеу шараларын тоқтатқанымен, жұқтыру фактілерінің қайтадан өсіп жатқаны байқалады. Екінішісі: АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс. Қос алпауыт әлі күнге сауда тартысына қатысты ортақ ымыраға келмеді. Алдағы уақытта мұнай бағасы түспейді деп ойлаймын. Бірақ оған деген сұраныс бұрынғыша болмайды. Қазір әлем экономикасы рецессияға ұшырап отыр. Келесі аптаға болжамым: бір доллар 418-423 теңге, бір еуро 445-455 теңге, бір рубль 5,6-5,8 теңге, бір юань 58-60 теңге болады.