Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
08.5.2020 |
415-425 |
ГК «ФИНАМ»
08.5.2020 |
421-426 |
Forex Club
08.5.2020 |
417-420 |
DAMU Capital Management
08.5.2020 |
415-430 |
Wall Street Invest Partners
08.5.2020 |
418-423 |
Gold Mining Capital
08.5.2020 |
418-428 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
08.5.2020 |
5,50-5,95 |
ГК «ФИНАМ»
08.5.2020 |
5,6-5,8 |
Forex Club
08.5.2020 |
5,5-5,7 |
DAMU Capital Management
08.5.2020 |
5,65-5,75 |
Wall Street Invest Partners
08.5.2020 |
5,70-5,75 |
Gold Mining Capital
08.5.2020 |
5,4-6,0 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
08.5.2020 |
450-475 |
ГК «ФИНАМ»
08.5.2020 |
455-460 |
Forex Club
08.5.2020 |
494-497 |
DAMU Capital Management
08.5.2020 |
440-455 |
Wall Street Invest Partners
08.5.2020 |
456-461 |
Gold Mining Capital
08.5.2020 |
445-455 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
08.5.2020 |
58-62 |
ГК «ФИНАМ»
08.5.2020 |
59-61 |
Forex Club
08.5.2020 |
59,9-60,5 |
DAMU Capital Management
08.5.2020 |
57-60 |
Wall Street Invest Partners
08.5.2020 |
59,50-60,50 |
Gold Mining Capital
08.5.2020 |
56-60 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (11 мамыр – 14 мамыр).
4 мамыр - 8 мамырға арналған валюта болжамы
Қазір валюта бағамын қалыптастырып жатқан негізгі факторлар – макроэкономикалық триггерлер. Осы аптада inbusiness.kz басылымында өз болжамдарымен бөліскен сарапшылар әлем бойынша шектеу шараларының қысқартылуы мен мұнай бағасын сөз етті. Сонымен қатар олар АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейі, жетекші қаржы реттеушілерінің әрекеті, Қытай экономикасының қазіргі жағдайы мен ҚР-дағы инфляцияға тоқталды.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:
Эталон маркалы мұнайдың бағалары тұрақталып келеді. Brent баррелі қазір 30 доллар шамасында. Әзірге шикізат нарығында құбылмалылық байқалмайды. Сондықтан теңге бағамы айтарлықтай өзгермейді. Келесі аптада инвесторлар шикізат нарығы мен карантин шараларын бақылайды. Алдағы уақытта індеттің таралуы бәсеңдеуі мүмкін. Келесі аптада бір доллар 415-425 теңге болуы әбден мүмкін. Ал бір еуро 470-475 теңге, бір рубль 5,50-5,95 теңге, ал бір юань 58-62 теңге болады.
Сергей Дроздов, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:
Өткен сауда қорытындысы бойынша, америкалық биржа алаңдары оң нәтиже көрсетті. S&P 500 индексі 1,15%-ға көтеріліп, 2881,19 пунктке тірелді. Dow Jones индексі 0,89%-ға көтеріліп, NASDAQ индексі 1,41%-ға артты. АҚШ-тың 10-жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі 7 базистік пунктке төмендеп 0,63% болды. Германияның 10-жылдық қазынашылық облигациялары да 4 базистік пунктке төмендеп, -0,55% болды. Индекстердің өсуіне АҚШ-тағыы жұмыссыздық деңгейінің алдағы уақытта қысқаруы себеп. Өйткені ондағы шектеу шаралары тоқтатылып, жұмыс орындары ашыла бастайды. Brent cұрыпты мұнай баррелінің бағасы 1,54%-ға түсіп, 29,41 долларға дейін төмендеді. Saudi Aramco компаниясы қабылдаған шарадан кейін, шикізат құны қымбаттаған еді. Бірақ кейін бағалар қайтадан түсіп кетті.
Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 421-426 теңге, бір рубль 5,6-5,8 теңге, бір еуро 455-460 теңге, бір юань 59-61 теңге болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС-ның бас директоры:
Бірқатар ел карантин шараларын азайтып, экономикаларын қалпына келтіре бастады. Шикізатқа деген сұраныс артып келеді. Америкалық мұнай қоры да азайды. ОПЕК+ елдерінің 1 мамырдан бастап өндірісті қысқарту туралы келісімі және аталған факторлар мұнай бағасына оң әсерін тигізді. Яғни бұл теңге үшін де өте қолайлы жағдай туды деген сөз. Шектеу шаралары біртіндеп тоқтатылғасын Құрама Штаттардағы жұмыссыздық деңгейі төмендейді. Қытай экономикасы өте жақсы нәтижеге қол жеткізді. Ондағы экспорт көлемі сәуір айында 3,5%-ға артқан. Осылайша бұл елдің әлем экономикасын тығырықтан алып шығуы ғажап емес. Қазақстанда инфляция деңгейі 6,4%-дан 6,8%-ға дейін көтерілді. Яғни теңге әлсіреп, импорт қымбаттады деген сөз. Бұған дейін Ұлттық Банк жыл соңына дейін инфляция 9-11%-ға дейін өседі деп болжаған еді. Сондықтан бағалардың көтерілуі жалғасады.
Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 415-430 теңге, бір еуро 440-55 теңге, бір рубль 5,65-5,75 теңге, бір юань 57-60 теңге болады.
Данияр Жұмекенов, Wall Street Invest Partners аналитигі:
Теңгеге жетекші қаржы реттеушілерінің монетарлық саясаты сияқты сыртқы факторлар әсер етуде. Нарықтағылардың пікірінше, Федералды қор жүйесі 2020 жылдың қарашасында пайыздық мөлшерлемені теріс көрсеткіш жағына қарай өзгертуі мүмкін. Сауд Арабиясы сатып алушылар үшін бағаны көтеріп тастады. Салдарынан шикізат құны сәл қымбаттады. Мысалы, корольдіктің ең негізгі экпорттаушысы саналатын Азия елдері үшін бекітілген баға 1,4 долларға дейін өседі. Бұл дегеніңіз осы аймақтағы сұраныстың қалыпқа келіп жатқанын білдіреді.
Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 418-423, EUR/KZT – 456-461, RUB/KZT – 5,70-5,75, CNY/KZT – 59,50-60,50.
Ерлан Қойшыбаев, Gold Mining Capital аналитигі:
Осы аптада Brent сұрыпты мұнай бағасы 29,77 доллар деңгейінде қалды. Бұған бірқатар елдердегі пандемияға қатысты жағдайдың тұрақталуы түрткі болды. АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейі 14,7%-ға дейін жетті. Мұндай көрсеткіш 30 жылдардағы дағдарыстан бері тіркелмеген. Еуропаның бірқатар елдерінде шектеу шаралары қысқартылып жатыр. Бірақ індеттен қатты зардап шеккен Испания мен Италияның экономикалық жағдайын болжау қиынға соғып отыр. Қытай экономикалық статистика бойынша оң нәтижелерге қол жеткізді. Бірақ Дональд Трамппен арадағы пікірлер қарама-қайшылығы юаньға кері әсерін тигізуі мүмкін. Оның үстіне Қытай да АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларын сатамын деп сес көрсетіп отыр.
Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 418-428, EUR/KZT – 445-455, RUB/KZT – 5,4-6,0, CNY/KZT – 56-60 болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Теңгенің долларға қатысты бағамы осы аптада нығайды. Мұндай динамикаға мұнай бағасының өсуі, әлем бойынша карантин шараларының біртіндеп қысқартылуы және шикізатқа деген сұраныстың сәл артуы түрткі болды. ОПЕК+ елдерінің өндірісті қысқарту туралы келісімі де мұнай нарығына оң әсерін тигізіп отыр. Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде вирус жұқтырғандар санының өсімі тұрақталғанын мәлім етті. Мейрамдардан кейін теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы біртіндеп нығаюы мүмкін. Дегенмен шикізат бағасы мен коронавирусқа қатысты жаңа деректер негізгі факторлар болып есептеледі.
Келесі аптаға болжамым: USD/KZT – 417-420, EUR/KZT – 494-497, RUB/KZT – 5,5-5,7, CNY/KZT – 59,9-60,5.