Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
17.7.2022 |
470-490 |
ГК «ФИНАМ»
17.7.2022 |
475-490 |
DAMU Capital Management
17.7.2022 |
465-480 |
Forex Club
17.7.2022 |
460-520 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
17.7.2022 |
7,75-8,30 |
ГК «ФИНАМ»
17.7.2022 |
8,00-8,75 |
DAMU Capital Management
17.7.2022 |
8,3-8,6 |
Forex Club
17.7.2022 |
7,6-9,2 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
17.7.2022 |
465-490 |
ГК «ФИНАМ»
17.7.2022 |
475-490 |
DAMU Capital Management
17.7.2022 |
470-490 |
Forex Club
17.7.2022 |
450-500 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
17.7.2022 |
69-72 |
ГК «ФИНАМ»
17.7.2022 |
70,00-71,50 |
DAMU Capital Management
17.7.2022 |
65-70 |
Forex Club
17.7.2022 |
66-74 |
Inbusiness.kz теңгенің доллар, еуро, юань және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (18 шілде - 22 шілде)
11 шілде - 15 шілде
Бір апта ішінде әлемдік нарықта тәуекелге деген қызығушылықтың басылуы салдарынан теңге 1,27%-ын жоғалтты. Америкалық валюта 20 жыл бұрынғы максимумдарды жаңартты, бұл тенденция жалғасуы мүмкін. Өйткені осы айдың соңында ФРЖ мөлшерлемені бірден 1%-ға көтеруі мүмкін. Сарапшылар өткен аптаның басында доллардың 460,4 теңгеге дейін түсіп, содан кейін қайтадан жоғары көтерілгенін атап өтті. ҚР Ұлттық Банкінің басшысы Ғалымжан Пірматовтың пікірінше, Ресей рублінің аса құбылмалылығы теңгенің айырбас бағамына қысым көрсетіп отыр.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, "Альпари" аға сарапшысы:
Бір апта ішінде қазақстандық теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1,27%-ға әлсіреді.
Алайда конъюнктураны ескерсек, теңгенің төмендеуі бірқалыпты болып көрінеді. Ал әлемдік капитал нарықтарында эмоция басым болып отыр. Қазір негізгі тәуекел мұнай бағаларында.
Осы аптада Brent баррелі шамамен 95 долларға дейін төмендеді, бірақ кейінірек 100 долларға дейін көтерілді. Инвесторларды әлемдегі және АҚШ-тағы келешек рецессия алаңдатып отыр.
Егер рецессия орын алса, тұтынушылардың энергияға деген сұранысы азаяды. Шикізаттың бағасына АҚШ доллары да қысым көрсетуде. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 465-490 теңге, бір еуро 470-490 теңге, бір рубль 7,75-8,30 теңге, бір юань 69-72 теңге шамасында болады.
Андрей Маслов, "ФИНАМ" КТ сарапшысы:
10 шілдеде аяқталған аптада қазақстандық валютаның доллар мен юаньға қатысты бағамы әлсіреді, еуроға қатысты бағамы сол деңгейде қалды және рубльға қатысты бағамы айтарлықтай әлсіреді.
Америкалық доллар соңғы 40 жылдағы ең жоғары инфляция аясында жиырма жылдық максимумдарға жетіп, нығаюын жалғастырды.
Еуро 2000 жылдан бері алғаш рет Украинадағы қақтығыс пен энергетикалық дағдарыс жағдайында доллармен бірдей деңгейде саудалануда. Еуропаның бірнеше премьер-министрінің, соның ішінде Ұлыбритания, Эстония премьер-министрінің отставкаға кетуі және Италия премьер-министрінің отставкаға кету ықтималдылығы салдарынан аймақта тұрақсыздық орнады.
Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 475-490 теңге, бір еуро 475-490 теңге, бір рубль 8,00-8,75 теңге, бір юань 70,00-71,50 теңге теңге шамасында өзгеруі мүмкін.
Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скаут:
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қазақстандық қор биржасында 481,2 теңгеге дейін көтерілді. Доллар дүйсенбі күні 460,4 теңгеге дейін төмен түсті, бірақ содан кейін көтеріле бастады.
Brent баррелі бағасының 100 доллардан төмен түсуі, доллардың нығаюы теңгеге теріс әсерін тигізді. KASE сауда-саттығында долларлық мәмілелердің көлемі 635 миллион долларға дейін өсті.
Мұнай нарығы бір аптада 105 доллардан ақпаннан бергі минимумға дейін құлдырады. Бірақ кейін шикізат қымбаттап,100 долларға жетті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев газ тапшылығы аясында көмірсутекті отынның осы түрін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жаңа ұлттық жобаларды жүзеге асыруды тапсырды.
Премьер-министр Әлихан Смайылов сыртқы экономикалық жағдай нашарламаған жағдайда, 2022 жылдың қорытындысы бойынша елдің ЖІӨ 3-4%-ға өсуі мүмкін деген болжамын айтты. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір еуро 450-500 теңге, бір рубль 7,6-9,2 теңге, бір юань 66-74 теңге, бір доллар 460-520 теңге шамасында болады.
Мұрат Қастаев, DAMU Capital Management ЖШС Бас директоры:
АҚШ доллары индексінің өсуі, жаһандық рецессия қаупі және коронавирустың өршуі мұнай бағасының төмендеуіне әкеліп соқты. Бір апта ішінде Brent баррелінің бағасы 95 долларға дейін төмендеп, демалыс күндері 100 доллардан асты.
АҚШ президентінің Сауд Арабиясына сапары кезінде мұнай өндірісін ұлғайту туралы келісім жасалуы мүмкін, артынан мұнай бағасын тағы да төмендеуы ықтимал. АҚШ-тағы инфляция 9,1%-ға жетті және бұл соңғы 40 жылдағы рекордтық көрсеткіш, сондықтан ФРЖ алдағы отырыста мөлшерлемені 1%-ға көтеруі мүмкін.
Теңге бір апта ішінде әлсіреді, бұған мұнай бағасының төмендеуі және валютаға деген жазғы сұраныстың себеп болды. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 465-480 теңге, бір рубль 8,3-8,6 теңге, бір еуро 470-490 теңге, бір юань 65-70 теңге болуы мүмкін.