Валюта болжамы: 20 шілде – 24 шілде

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
414,083

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
18.7.2020
411-420
Астана-Инвест
18.7.2020
410-417
Forex Club
18.7.2020
413-416
Gold Mining Capital
18.7.2020
410-418
SoftLink
18.7.2020
407-417
DAMU Capital Management
18.7.2020
413-417
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,762

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
18.7.2020
5,70-5,90
Астана-Инвест
18.7.2020
5,6-5,8
Forex Club
18.7.2020
5,7-5,9
Gold Mining Capital
18.7.2020
5,7-5,9
SoftLink
18.7.2020
5,64-5,85
DAMU Capital Management
18.7.2020
5,7-5,75
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
473,083

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
18.7.2020
466-475
Астана-Инвест
18.7.2020
470-480
Forex Club
18.7.2020
473-475
Gold Mining Capital
18.7.2020
468-476
SoftLink
18.7.2020
467-477
DAMU Capital Management
18.7.2020
465-485
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
58,858

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
18.7.2020
58,5-59,3
Астана-Инвест
18.7.2020
58,5-59,5
Forex Club
18.7.2020
59-60
Gold Mining Capital
18.7.2020
58-60
SoftLink
18.7.2020
58,5-60
DAMU Capital Management
18.7.2020
55-60

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (20 шілде – 24 шілде).

20 шілде – 24 шілде

 

 

13 шілде – 17 шілдеге арналған валюта болжамы

 


Сарапшылар осы жолы да коронавирус пандемиясына қатысты жаңалықтар валюта бағамына әсер ететін негізгі фактор деген пікірде.Олар вирустың АҚШ-та кең етек жаюы мен карантиндік шаралардың күшейтілуіне тоқталды.Індет сонымен қатар мұнай нарығына да әсерін тигізеді. Одан бөлек ОПЕК+ елдерінің нарықтағы сұраныс пен ұсынымның тепе-теңдігіне қатысты шаралары да ықпал етпек. Сарапшылар Армен мен Әзірбайжан арасындағы әскери қақтығыс, жаһандық экономиканың тұрақталуының тежелуі, АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс сияқты макроэкономикалық факторларды да сөз етті. Ал ішкі факторлардан ҚР Ұлттық Банкінің алдағы уақытта өткізілетін кезекті жиынын атап өтті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
20 шілде – 24 шілде Қазақстандық қор биржасынла теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреду. Мұндай динамикаға әлемдік мұнай бағасының жұма күні түсіп кетуі түрткі болды. Нарықтағылар коронавирус пандемиясы кесірінен шикізатқа деген сұраныстың азаюына алаңдаулы.АҚШ-ты бір тәулікте 75 мың адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді.

Үндістандағы науқастардың саны 1 миллионнан асып кетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, әлем бойынша вирус жұқтырғандардың саны 13,3 миллионнан асып кеткен. Инвесторлардың ойынша, пандемия экономиканың тұрақталуын тежеп, шикізатқа деген сұраныс күрт төмендеп кетуі мүмкін. ОПЕК+ елдерінің келісімі бойынша, тамыз айында бір күнде өндірілетін мұнай көлемі 7,7 млн баррельге дейін қысқартылады. Келесі аптада теңге бағамы тұрақсыздық танытады. Менің болжамым: USD/KZT – 413-416, EUR/KZT – 473-475, RUB/KZT – 5,7-5,9, CNY/KZT – 59-60.

 

 

 

Зарина Саидова, "ФИНАМ" компаниялар тобының аналитигі:

20 шілде – 24 шілде Әлемдік биржа алаңдарын бірнеше жағымсыз фактор алаңдатып отыр. Нақтырақ айтсам, қазір инвесторлар АҚШ-та науқастар санының өсуіне байланысты күшейтілген карантин шаралары мен Қытайдың нарығындағы көрсеткіштерге баса назар аударуда. Еске сала кетсем, Қытай экономикасын екінші тоқсанда небәрі 3,2%-ға өскен еді. Ал бірінші тоқсанда елдің ЖІӨ 6,8%-ғы қысқарды. Бүгінгі таңда бұл елде бөлшектік сауда көлемі азайған. Соңғы бес айдағы теріс динамика инвесторларды қатты алаңдатып отыр. Біздің ойымызша, алдағы уақытта Қытай мен АҚШ арасындағы текетірес пен пандемияға қатысты жаңалықтар теңгеге айтарлық кері ықпалын тигізеді. 

Алдағы аптада бір доллар 411-420 теңге, бір еуро 466-475 теңге, бір рубль 5,70-5,90 теңге, бір юань 58,5-59,3 теңге болады.

 

 

 

Серік Қозыбаев, "Инвестиционный дом Астана-Инвест" АҚ инвестициялық сараптама бөлімінің басшысы:
20 шілде – 24 шілде Рубль бағамы, өкінішке қарай, тұрақты емес. Мұнай нарығында да дәл осындай жағдай, соңғы кездері шикізат 40-43 доллар деңгейінде саудаланып жүр. Ресейге салынған санкция күшейеді деген болжам рубльге, яғни теңгеге де кері әсерін тигізуі мүмкін. Қазір валюта нарығындағы жағдай мәз емес. Өйткені Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығыс, пандемия сияқты триггерлер нарықтың тұрақталуына кедергі келтіруде. Алдағы уақытты рубльдің долларға қатысты бағамы сәл әлсіреуі мүмкін. Ресейлік валюның нығаюы екіталай. Мұнай бағасының тұрақтылығы мен доллардың әлсіреуі рубль үшін қолайлы болып отыр. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 410-417 теңге, бір еуро 470-480 теңге, бір рубль 5,6-5,8 теңге, бір юань 58,5-59,5 теңге шамасында болады. 

 

 

 

 

Ерлан Қойшыбаев, Gold Mining Capital аналитигі:

20 шілде – 24 шілде АҚШ-та індеттің өршуі қазір басты назарда. Бұл фактор шикізат нарығын іркілтіп отыр. Енді эталон маркалы мұнайды бағасы көтеріле алмайды.Тіпті Brent сұрыпты мұнай баррелі 42,4-42,7 долларға саудалануы мүмкін. Доллардың бірнеше валютаға қатысты бағамы әлсіреді. Рубль де арзандай түсті. Еуро, керісінше, нығайды. Өйткені ЕО пандемияға байланысты экономиканы қолдау үшін тағы да қаражат бөлуі мүмкін. Юань болса, Бейжің мен Вашингтон арасындағы шиеленістің кесірінен соңғы үш аптада тіркелген ең төмен деңгейге дейін түсіп кетті. Менің болжамым: келесі аптада бір доллар 410-418 теңге, бір еуро 468-476 теңге, бір юань 5,7-5,9 теңге, бір рубль 58-60 теңге болады.

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:

20 шілде – 24 шілде Өткен аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы нығайып, басқа валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Қазақстанның макроэкономикалық мәліметтері көңіл көншітіп отырған жоқ. Бұған, әрине, әлемдік пандемия себеп. 2020 жылдың қаңтар және мамыр айлары аралығында еліміздің сыртқы сауда айналымы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 6,9%-ға қысқарды. 20 шілдеде ҚР Ұлттық Банкінің кезекті отырысы өтеді. Пайыздық мөлшерлеме 9,5% деңгейінде қалуы ықтимал. Келесі аптада бір доллар 407-417 теңге, бір еуро 467-477 теңге, бір рубль 5,64-5,85 теңге, бір юань 58,5-60 теңге болады.

 

 

 

 

Мұрат Қастаев, "Damu Capital Management" ЖШС бас директоры:
20 шілде – 24 шілде Осы аптада жаңа әлемдік рекорд орнады. Бір тәулікте яғни 16 шілдеде 250 мың адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді. Өкінішке қарай, індет басылар емес. Бірқатар дамушы елдер шарықтау шегіне енді жетіп жатыр. Ал дамыған елдер пандемияның екінші толқыны басталады деген болжам жасауда. Дегенмен мұнайдың қазіргі бағасы Қазақстан үшін қолайлы. Сауд Арабиясы мен ОПЕК+ елдерінің өндірісті біртіндеп көбейту туралы бастамалары да шикізат нарығына кері әсерін тигізбеді. Қытайдағы экспорт пен импорт өсіп жатыр. Екінші тоқсанды бұл елдің ЖІӨ-нің өсімі 2,5%-дан 3,2%-ға дейін көтерілді. Еуроаймақта пайыздық мөлшерлеме 0% деңгейінде қалды. Еуропаның Орталық банкі әзірге бұл көрсеткішті өзгертпейді. Менің ойымша, алдағы аптада бір доллар 413-417 теңге, бір еуро 465-485 теңге, бір рубль 5,7-5,75 теңге, бір юань 55-60 теңге шамасында болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу