Валюта болжамы: 21-25 қазан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
389,900

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
18.10.2019
388,50-390,50
Forex Club
18.10.2019
390-390,1
ГК «ФИНАМ»
18.10.2019
390,85
Евразийский Капитал
18.10.2019
387-390
Астана-Инвест
18.10.2019
388-393
IFC Markets
18.10.2019
387-393
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
6,081

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
18.10.2019
6,05-6,13
Forex Club
18.10.2019
6,09-6,11
ГК «ФИНАМ»
18.10.2019
6,053
Евразийский Капитал
18.10.2019
6,00-6,15
Астана-Инвест
18.10.2019
6,05-6,15
IFC Markets
18.10.2019
6-6,14
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
433,767

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
18.10.2019
429-435
Forex Club
18.10.2019
432,3-432,5
ГК «ФИНАМ»
18.10.2019
438,20
Евразийский Капитал
18.10.2019
429,0-435,0
Астана-Инвест
18.10.2019
430-440
IFC Markets
18.10.2019
428-438
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
55,200

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
18.10.2019
55-56
Forex Club
18.10.2019
55,2
ГК «ФИНАМ»
18.10.2019
55,55
Евразийский Капитал
18.10.2019
54,7-55,2
Астана-Инвест
18.10.2019
54,5-55,5
IFC Markets
18.10.2019
54,5-55,5

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (21-25 қазан)

21-25 қазан

14 қазан – 18 қазанға арналған валюта болжамы

 

 

 

Қаржы аналитиктері болжамдарында теңге бағамына әсер ететін макроэкономикалық факторларға тоқталды. Осы аптада сарапшылар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресімен қатар Brexit төңірегіндегі жағдайды да сөз етті. Сондай-ақ олар Қытай экономикасының көрсеткіші және алдағы уақытта өтетін америкалық және ресейлік қаржы реттеушілерінің отырысы мен мұнай нарығындағы ахуалды қарастырды.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:

21-25 қазанҚазір теңге аса қатты нығайды деп айта алмаймыз, бірақ та мұнай бағасының сәл де болса көтерілуі байқалады. Британия мен ЕО Брекситке қатысты ортақ келісімге келді. Бұл дегеніңіз сол аймақтағы экономикалық ахуалдың енді оңалмаса, нашарламайтынының белгісі. Қытай мен АҚШ сауда келісімінің бірінші кезеңін еңсеріп, тиісті құжаттарға қоюға дайындалып жатыр. Бұл факторлар келесі аптада теңге бағамына оң әсерін тигізуі ықтимал. 

Келесі аптаға болжамым: доллар 388,8-390,50 теңге, еуро 429-435 теңге, рубль 6,05-6,13 теңге, юань 55-56 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

21-25 қазанОсы аптада қазақстандық валютаның долларға қатысты бағамының динамикасы құбылмалы болды. Өйткені әлемдік мұнай бағасы арзандады. Бұған себеп болған фактор - АҚШ мұнай қорының өсуі. Дерек бойынша, шикізат қоры 9,3 млн баррельге дейін ұлғайды. Сондай-ақ Қытайдың үшінші тоқсандағы ЖІӨ-нің өсімі 1992 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш, яғни 6%-ке жетті. Дегенмен мұндай статистика теңгенің юаньға қатысты әлсіреуіне кедергі бола алмады.
Қазір нарықтағылар Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда келіссөздерінің нәтижесін күтуде. Қос елдің басшылары тиісті құжатқа келесі айда қол қоюы мүмкін. Келесі аптада теңгенің доллар мен еуроға қатысты бағамы сәл әлсірейді.

Біздің болжам бойынша, келесі аптада АҚШ доллары 390-390,1 теңге, еуро 432,3-432,5 теңге, рубль 6,09-6,11 теңге, юань 55,2 теңге болады.

 

 

 

Алексей Коренев, «Финам» компаниялар тобының аналитигі:

21-25 қазанКелесі аптада бірқатар жағдай қазақстандық валютаның бағамына әсер етеді. Геосаяси ахуал мен шикізат бағасынан бөлек теңгеге ықпал ететін тағы бірнеше фактор бар. Ресейлік қаржы реттеушісінің пайыздық мөлшерлемеге қатысты отырысы өтіп,салық төлемдері жүргізіледі. Бұлар рубль бағамының алдағы уақытта қай бағытта болатын анықтайды, яғни өз кезегінде теңге бағамы да өзгереді. CNBC дерегі бойынша, Ресейдің Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені 25 базистік пунктке төмендетуі ықтимал. 

Сонымен қатар 30 қазанда АҚШ Федералды қор жүйесі пайыздық мөлшерлемеге қатысты саясатын өзгертуі мүмкін. Брюссель мен Лондонның Брекситке бойынша келісімге келуі теңгенің еуроға қатысты бағамына әсер ететіні сөзсіз. 

Келесі аптаға болжамым: доллар 390,85 теңге, еуро 438,20 теңге, рубль 6,053 теңге, юань 55,55 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

Әли Сағындықов, «Евразийский Капитал» АҚ аналитигі:

21-25 қазанТеңгенің соңғы кездері мұнай бағасына деген тәуелділігі артып отыр. Сондықтан оның негізгі валюталарға деген бағамы мұнай құнының өзгеруіне байланысты болады. Егер де Таяу Шығыстағы жағдай шиеленісіп кетпесе, Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны 58,5-61 доллар көлемінде сақталады. Брексит бойынша ЕО мен Ұлыбритания бір шешімге келуінен еуро бағамы өсті. Сонымен қатар рубль де алдағы уақытта нығаюы мүмкін. 

Келесі аптада АҚШ доллары 38-390 теңге, еуро 429-430 теңге, рубль 6-6,15 теңге, юань 54,7-55,2 теңге болады.

 

 

 

 

Серік Қозыбаев,  «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық сараптама бөлімінің басшысы:

21-25 қазанЛондон мен Брюссель Брекситке қатысты келісімге қол қойды. Нәтижесінде еуро бағамы көтерілді. Доллардың әлсіреуінен рубль нығайып келеді. Бірақ бұл факторлар теңгеге айтарлықтай ықпал жасап отырған жоқ. Мұнайдың қазіргі орташа бағасы 60 доллар шамасында. АҚШ пен Қытай арасындағы келіссөздердің қалай аяқталатына қарап, шикізат бағасының қалай өзгеретінін болжап айтуға болады. Теңге баяу жылдамдықпен көтеріледі, яғни оның долларға қатысты бағамы әлсірейді. 

Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 388-393 теңге, бір еуро 430-440 теңге, бір рубль 6,05-6,15 теңге, бір юань 54,5-55,5 теңге болады.

 

 

 

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets аналитигі:

21-25 қазанӨткен аптада теңге әлсіреуін жалғастырды. Бұған мұнай бағасының арзандауы мен ішкі макроэкономикалық деректер себеп. Қытай экономикасының үшінші тоқсанда небәрі 6 пайызға көтерілуі шикізат құнының төмендеуіне әкеліп соқты. Бұл соңғы 27 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

Инвесторлардың ойынша, мұнайға деген сұраныс азаюы мүмкін. Өйткені Қытай ірі мұнай импорттаушысы саналады.

Ал Қазақстанның сыртқы саудасының профициті 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында 28,4%-ға қысқарды. Экспорт 4,5%-ға кеміп, импорт 13,2%-ға артты.  Қазақстанның валюталық қорының қысқаруын осы факторлармен түсіндіруге болады. 

Менің ойымша, теңгенің күрт құлауы мүмкін емес. Өйткені ел экономикасының дамуы тұрақты көрсеткіштерге ие. 9 ай ішінде елдің ЖІӨ-нің көрсеткіші 4,3% болды. 

Келесі аптада АҚШ доллары 387-393 теңге, еуро 428-438 теңге, рубль 6-6,14 теңге, юань 54,5-55,5 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу