Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
20.4.2019 |
378,50-380,00 |
ГК «ФИНАМ»
20.4.2019 |
377-382 |
Астана-Инвест
20.4.2019 |
370-377 |
IFC Markets
20.4.2019 |
373-382 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
20.4.2019 |
5,88-5,96 |
ГК «ФИНАМ»
20.4.2019 |
5,7-6 |
Астана-Инвест
20.4.2019 |
5,7-5,8 |
IFC Markets
20.4.2019 |
5,84-5,97 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
20.4.2019 |
427-429,00 |
ГК «ФИНАМ»
20.4.2019 |
426-430 |
Астана-Инвест
20.4.2019 |
415-425 |
IFC Markets
20.4.2019 |
420-431 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
20.4.2019 |
|
ГК «ФИНАМ»
20.4.2019 |
|
Астана-Инвест
20.4.2019 |
|
IFC Markets
20.4.2019 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (22 сәуір – 26 сәуір).
15 сәуір – 19 сәуірге арналған валюта болжамы
АҚШ-тың статистикалық мәліметтер inbusiness.kz-тің жүргізген кезекті сауалнамасына арқау болды. Атап айтар болсақ, «Альпари» және «ФИНАМ» компанияларының сарапшылары өз болжамдарында наурызда АҚШ-тағы бөлшектік сауданың өсуін, сондай-ақ соңғы елу жылда жұмыссыздық бойынша алатын жәрдемақыға берілетін өтінім санының бір апта ішінде қысқарғанын атап кетті.
Сонымен қатар inbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар Америка валютасының нығайғанын («Альпари»), рубльге қолдау болған Ресейдегі салық кезеңін («Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ) атап өтті.
Сарапшылар энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайды да сөз етті. Бұл триггерді сауалнамаға қатысқан барлық сарапшы атап кетті.
Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz. дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Анна Бодрова, «Альпари» компаниясының аға сарапшысы:
Сәуір айының жаңа аптасы америкалық доллар үшін 378,50-380,00 теңге, еуро үшін — 427-429,00 теңге, рубль үшін — 5,88-5,96 теңге болады. Доллар әзірге нық тұр, себебі АҚШ-тың бөлшектік сауда және жұмыспен қамту секторы бойынша статистикалық мәліметтерден қолдау көріп отыр. Бұл долларға жаппай қымбаттау үшін мүмкіндік береді, оның ішінде теңгеге қатысты бағамы да бар. Сонымен қатар айтарлықтай қымбат мұнай бұл фактіні жартылай болса да реттеуге және теңгенің қатты құлдырап кетпеуіне себеп болып отыр.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:
Бейсенбі күні америкалық биржа алаңдары ел экономикасы бойынша жағымды мәліметтер салдарынан өсу көрсетті.
S&P 500 индексі 0,16%-ды қосып алып, 2905,03 көрсеткішпен жапты. Өндірістік Dow Jones индексі 0,42%-ды қосып алды, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 0,03%-ға өсті. 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі үш базистік көрсеткішке 2,56%-ға дейін түсті. Дамушы нарықтардың MSCI индексі 0,3%-ға төмендеп, екі апта ішінде бірінші рет төмендеу көрсетті.
Сауда министрлігінің мәліметі бойынша, АҚШ-та бөлшектік саудалар наурызда 1,6%-ға өсіп, соңғы екі жылда ең жылдам айсайынғы өсім көрсетті. Сарапшылар көрсеткіш 0,9%-ға өседі деп күткен. Сонымен қатар инвесторларды еңбек министрлігінің жариялаған сандары да қуантты.
Бүгін, пасха мерекесіне байланысты биржалар жабық болады.
Өткен сауда қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнай бағасы 0,43%-ға өсіп, 71,95 доллар болды.
Теңіздің арғы жағындағы елдердің биржасына жағымды көңілдің қайта оралуы және Baker Hughes-тің өткен аптада АҚШ-тың бұрғылау мұнай жабдықтарының саны 8-ге төмендеді деген мәліметі нарыққа қатысушыларға қолдау болды. Қазір ойыншылар АҚШ-тағы автокөлік маусымының жақындауына ұтыс қояды, ал бұл елдегі «қара алтын» қорының төмендеуіне көмек болады.
Жұма күні Brent және WTI келісімшарттың саудасы болмайды.
Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,7-6 теңге, долларға қатысты бағамы 377-382 теңге және еуроға қатысты бағамы 426-430 теңге болады деп болжап отырмыз.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Мұнай котировкасының жоғары болуы және оған қосымша салықтық кезең Ресей рублі үшін қолдау болып қана қоймай, едәуір сеп болуда. Келесі аптада Ресей бюджетіне салық түсімдері түседі, сондай-ақ халықаралық инвесторлар тарапынан мемлекеттік облигацияларға деген сұраныстың бар екені байқалуда. Осы факторлардың барлығы рубльдің долларға шаққандағы бағамының нығаюына әкеледі. Нығайған рубль мен көтерілген мұнай бағасы теңгеге қашан әсер етеді? Менің ойымша, әсер ететін уақыт келді. Нақ басып айту қиын, бірақ алдағы бірнеше аптада теңгенің долларға қатысты бағамының нығайғанын көреміз. Алдағы аптада бір АҚШ доллары 63-64 рубль , бір рубль 5,7-5,8 теңге, бір доллар 370-377 теңге, бір еуро 415-425 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 63-64 доллар болады деп отырмын.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Өткен аптада қазақстандық теңгенің рубльге қатысты бағамы еш өзгермеді, алайда доллар мен еуроға қатысты бағамы едәуір нығайды. Осылайша, Ұлттық банктің мөлшерлемені 9,25%-дан 9 %-ға дейін төмендетуі тап керек кезде жасалып, валюта нарығына жағымсыз әсер еткен жоқ.
Мұнай бағасының әлемдік өсуі мұнай өндіруші елдердің валютасына қолдау болды, оның ішінде Қазақстан мен Ресейде бар. Сондықтан теңгенің рубльге шаққандағы бағамы аз болды.
Алдағы уақытта макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсы болуынан қазақстандық валюта мықты болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймын. 2019 жылдың I тоқсанында Қазақстан мыс экспортын 10,1%-ға, мұнай экспортын 2,7%-ға арттырды. Өнеркәсіптік өндіріс өсуі 3,2% болған. Әсіресе, құрылыс секторы 8,9%-ға артқан.
Алдағы аптада құбылмалық диапазоны бір рубль үшін 5,84-5,97 теңге, доллар үшін 373-382 теңге, еуро 420-431 теңге болады деп отырмыз.