Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
23.5.2022 |
420-430 |
SoftLink
23.5.2022 |
423-440 |
DAMU Capital Management
23.5.2022 |
420-425 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
23.5.2022 |
7,30-7,60 |
SoftLink
23.5.2022 |
6,7-7,4 |
DAMU Capital Management
23.5.2022 |
7-7,2 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
23.5.2022 |
445-452 |
SoftLink
23.5.2022 |
442-462 |
DAMU Capital Management
23.5.2022 |
440-450 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
23.5.2022 |
63,90-64,50 |
SoftLink
23.5.2022 |
63,4-64,5 |
DAMU Capital Management
23.5.2022 |
55-55,5 |
Inbusiness.kz теңгенің доллар, еуро, юань және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (23 мамыр - 27 мамыр).
16 мамыр - 20 мамырға арналған валюта болжамы
Осы аптада да теңге бағамына сыртқы триггерлер әсер етеді. Inbusiness.kz сайтында өз болжамын жариялаған сарапшылар елдің сауда балансындағы импорттың төмендеуі аясында рубльдың нығаюын, АҚШ қазынашылық облигацияларының кірістілігінің төмендеуіне салдарынан доллардың әлсіреуін атап өтті. Сонымен қатар олар АҚШ-тағы рекордтық инфляцияны және ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлемені көтеруіне тоқталды. Украинадағы қақтығыс, Ресейге қарсы жаңа санкциялар және ресейлік банк секторының Қазақстаннан "шығуы" да олардың назарынан тыс қалмады.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Андрей Маслов,"ФИНАМ" КТ сарапшысы:
20 мамырда аяқталған аптада теңгенің рубльдан басқа валюталарға қатысты бағамы нығайды. Ресейлік валютаның нығаюына елдегі сауда балансындағы импорттың төмендеуі түрткі болып отыр. Оның тағы да нығаюы бюджет мәселесіне әкеліп соғуы мүмкін. Доллар жыл басынан бері алғаш рет АҚШ қазынашылық облигацияларының кірістілігінің төмендеуі салдарынан айтарлықтай әлсіреді. Сарапшылар мен трейдерлер ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлемені тым агрессивті өсіруі экономиканы қалпына келтіруге кедергі келтіреді деген пікірде. Қазақстанда ресейлік банк секторын "шығару" процесі жүруде.
Альфа-Банктің еншілесі сатылғаннан кейін, "Сбердің"еншілесі де сатылатын болады. Қазіргі уақытта оны сатып алуға қазақстандық, сондай-ақ ресейлік, түрік және Таяу Шығыс холдингтері мен бизнесмендері қызығушылық танытып отыр.
Санкцияларға ұшыраған ірі ресейлік бизнес өз активтерін сатып, көптеген шетелдік директорлар жұмысынан кетіп, өз үлестерін саудалауда. Қазақстан үшін бұл жақсы белгі. Өйткені ресейлік активтердің көмегімен банктік инфрақұрылымды дамытуға жақсы мүмкіндік туып отыр. Менің болжамым бойынша, бір доллар 420-430 теңге, бір еуро 445-452 теңге, бір рубль 7,30-7,60 теңге, бір юань 63,90-64,50 теңге болуы мүмкін.
Дмитрий Лукашов, аналитик SoftLink:
Өткен аптада теңгенің доллар мен юаньға қатысты бағамы нығайып, еуро мен рубльға қатысты бағамы әлсіреді. Мұндай динамикаға доллар индексінің төмендеуі әсер етті.
Инвесторлар АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік облигацияларының кірістілігінің жылдық 3,2%-дан 2,8%-ға дейін төмендеуіне алаңдаулы. Бұл АҚШ-тағы рекордтық инфляцияға қарамастан жасалды. ФРЖ активтерді сатып алу бағдарламасын жалғастыруы мүмкін.
Қазақстан экономикасының жағдайы бұрынғысынша ешқандай алаңдаушылық тудырып отырған жоқ. Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы қазір өткен жылғы деңгейде. 2022 жылдың алғашқы төрт айында мемлекеттік бюджетке түскен салықтық түсімдер 2021 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе (1,87 трлн теңгеге) көп, 5,9 трлн теңгеге жетті. Бұл қаражат экономика мен өмір сүру деңгейін қолдауға бағытталуы мүмкін. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 423-440 теңге, бір еуро 442-462 теңге, бір рубль 6,7-7,4 теңге, бір юань 63,4-64,5 теңге болуы мүмкін.
Мұрат Қастаев, "DAMU Capital Management" ЖШС Бас директоры:
Мұнай бағасы қазір $108-114 шамасында. Бұған Қытай билігінің індетті Шанхайдан шығармай, оның қарқынын бәсеңдетуі ықпал етті.
Ал Еуроодақ болса, Ресей мұнайына қарсы эмбарго жариялайды қарастыруда. Геосаяси жаңалықтар Украинадағы соғысқа да байланысты.
ҰҚШҰ-ның өткен саммитінде Қазақстан президенті Украинадағы жағдайды талқылаудан алшақтап, ҰҚШҰ қызметінің басты назарына бітімгершілік миссиялары (тек БҰҰ-мен бірлесіп) және Ауғанстан тарапынан келуі мүмкін қатерден қорғануды ұсынуды ұсынды.Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 420-425 теңге, бір еуро 440-450 теңге, бір рубль 7-7,2 теңге, бір юань 55-55,5 теңге шамасында болады.