Валюта болжамы: 24 маусым – 28 маусым

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
377,750

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
22.6.2019
376,50-380
ГК «ФИНАМ»
22.6.2019
378-383
Forex Club
22.6.2019
375-377
Астана-Инвест
22.6.2019
373-380
DAMU Capital Management
22.6.2019
375-380
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,894

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
22.6.2019
5,95-5,99
ГК «ФИНАМ»
22.6.2019
5,7-6
Forex Club
22.6.2019
5,7-5,9
Астана-Инвест
22.6.2019
5,8-6,0
DAMU Capital Management
22.6.2019
5,9-6,0
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
428,450

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
22.6.2019
428,50-432,00
ГК «ФИНАМ»
22.6.2019
427-432
Forex Club
22.6.2019
427-429
Астана-Инвест
22.6.2019
425-435
DAMU Capital Management
22.6.2019
421-428
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
22.6.2019
ГК «ФИНАМ»
22.6.2019
Forex Club
22.6.2019
Астана-Инвест
22.6.2019
DAMU Capital Management
22.6.2019

Іnbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (24 маусым – 28 маусым). ​

24 маусым – 28 маусым

 

      17 маусым -21 маусымға  арналған валюта болжамы

 

 

Іnbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылардың көпшілігі теңгенің нығайюы алдағы аптада да жалғасады деп отыр. Оған негізгі екі фактор әсер етеді. Біріншіден,әңгіме мұнай бағасына қатысты. Бұл триггерді барлық сарапшы атап кетті. Әсіресе, Таяу Шығыстағы жағдайға ерекше мән берілді («ФИНАМ», Forex Club,  «DAMU Capital Management» ЖШС).

Екіншіден, теңге бағамына мұнай бағасы мен Ресей ОБ-сының пайыздық мөлшерлемені төмендетуінен нығайған рубль әсер ететін болады (Forex Club, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ ,  «DAMU Capital Management» ЖШС).

Бұған қоса, сарапшылар әлемдік орталық банктердің монетарлық саясатын және алдағы G20 саммитін атап кетті.

Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz.әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

Анна Бодрова, «Альпари» ақпараттық-сараптамалық орталықтың аға сарапшысы:

24 маусым – 28 маусым Мұнай бағасынан қолдау көрген теңге маусым айындағы ең жоғарғы шегіне жетті. Әзірге шикізат бағасы қалыпқа келуде, алыпсатарлық фактор есебінен болса да, қазақстандық валюта қорғалған сияқты көрінеді.

Алдағы апта доллар үшін  376,50-380 теңге шамасында болады, құбылмалық тікелей мұнай бағасына тәуелді болады. Еуро әзірше 428,50-432,00 теңге, рубль - 5,95-5,99 теңге болып қала береді.

 

 

 

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

24 маусым – 28 маусым Америкалық реттеушінің ауызша интервенциясы биржаның «болжаммен сатып ал» деген мақалының маңыздылығын кезекті рет нақтылағандай болды. АҚШ ФРЖ-сы экономикада қиындықтар туындайтын болса, мөлшерлемені төмендетуге уәде бергеннен кейін, он жылда бірінші рет  S&P 500 индексі маусымда 7%-ға өсті. Әлемдік ірі орталық банктердің банк саясатын жұмсартуы жаһандық нарықтар үшін біршама уақыт жағымды болатыны, сөзсіз, оның ішінде дамушы нарықтарға тиімді болады.

Алдағы уақытта нарықтардың бар назары  АҚШ пен Қытай сауда дауларын шешуге тырысатын G20 саммитінде болады.

Өткен сауда қорытындысы бойынша Brent мұнай маркасының бағасы 4,42%-ға өсіп, сауданы 64,68 доллар бағасында жапты.

Теңіздің ар жағындағы қор нарықтарының тоқмейілсуі мен Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты алыпсатарлық эталондық мұнай бағасын 63,80 доллардан асыруға көмектесті.

Алдағы аптада бір рубль 5,7-6 теңге, бір доллар 378-383 теңге, бір еуро 427-432 теңге болады деп болжап отырмыз.

 

Айдар Қалиаскар, Forex Club-тың қаржылық скауты:

24 маусым – 28 маусым Жұма күні бірден 4 долларға көтерілген қазақстандық валюта бағамына мұнайдың әлемдік бағасындағы динамика әсер етті. Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуынан мұнай бағасы бір күн ішінде 6%-ға өсті. Аймақтағы жағдайдың ушығып бара жатқанын ескеретін болсақ, қара алтын бағасының одан әрі өсіп, теңгеге қолдау болады деуге болады.

Ұлттық банк өкілі атап кеткендей, теңге бағамының күрт нығаюына мұнай бағасы мен теңге үшін басты бағдар болып есептелетін ресейлік рубльдің тұрақты болуы негіз болып отыр. Ресейлік банк пайыздық мөлшерлемені төмендеткеннен кейін, рубль бағамы нығайды. Қазақстандық қаржы реттеушісі теңге бағамы құбылмалы екенін, соған қарамастан нығайып келе жатқанын, сауда көлемінің бір қалыпқа келгенін айтты. Ұлттық банк алдағы уақытта да валюталық алыпсатарлық болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Теңге үшін жақсы жаңалық – ол Қазақстанның Орталық Азия мен Еуропа елдеріне алғашқы бензин экспортын бастауы болып отыр. Сондай-ақ Қазақстаннан Қырғызстан мен Беларусьқа мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттауға қатысты келіссөздер жалғасып жатыр.

Мұнай бағасының әлемдік бағасы мен ресейлік рубльді белсенді қолдау нәтижесінде теңге бағамы алдағы аптада да өсуін жалғастырады. Оның долларға қатысты бағамы 375-377 теңге, еуроға  427-429, ал рубльге – 5,7-5,9 теңге болуы мүмкін.

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:  

24 маусым – 28 маусым Теңгенің нығаюына ресейлік рубльдің долларға қатысты бағамының нығаюы себеп болды. Тап қазір бір доллар 63 рубльден саудаланып жатыр.

Егер осы уақытқа дейін теңге саяси факторлар әсерінен әлсіреген болса, енді қазір экономикалық факторлар әсерінен нығаюда. Барлығы өзін орнына қайтып келуде. Теңгенің нығайғанына ешкім таңқаламау керек, тап осылай болатыны алдын ала белгілі болатын.

Алдағы аптада теңге одан әрі нығаяды немесе қазіргі деңгейде саудаланатын болады. Алайда саяси факторлар әлі де әсерін толық жоғалтқан жоқ, өйткені айырбас пунктеріндегі сатып алу бағамы биржаға қарағанда жоғары.

Алдағы аптада бір АҚШ доллары 62,5-63,5 рубль , бір рубль 5,8-6, теңге, бір доллар 378-380 теңге, бір еуро 425-435 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 64-66 доллар болады деп отырмын. 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

24 маусым – 28 маусым

Өтіп бара жатқан аптада мұнай бағасы өсуін жалғастырып, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 65 доллардан асып түсті. Барлығының назары тағы да Иран шекарасына жақын жерде болған жағдайға ауды - егер өткен аптада екі танкер болса, онда осы аптада Иран әуе күштері ұшқышсыз ұшу аппаратын атып тастады.  Аймақтағы жағдай ушығып барады, бірақ әлі күнге дейін Америка Құрама Штаттары жауап қайтару әрекеттерінен бас тартып отыр. Ормұз бұғазы арқылы әлемдік мұнайдың 35-40% нарыққа келеді, сондықтан кез келген шиеленіс мұнай бағасының өсуіне әсер етеді.

Сонымен қатар шикізат нарығындағы бағаға АҚШ ФРЖ-сы монетарлық комитеті отырысының қорытындысы қолдау болды. ФРЖ алдағы уақытта экономика нашарлайтын болса шілде айында негізгі мөлшерлемені төмендетуі мүмкін екенін нарықтарға ашық жеткізді. Бұл қор және шикізат нарықтарына, сондай-ақ дамушы елдер валютасына бірден қолдау болды.

Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің сайлау алды науқанын ресми бастағанын атап кету керек. Алдағы жылы Құрама Штаттар АҚШ-тың Федералдық резервтік мөлшерлемесінің төмендеуімен тауарлық және биржалық нарықты қатаң қолдайтын ҚХР-мен сауда-саттық дауларын жылдам шешуге үміт беретін белсенді сайлау кезеңінде өмір сүретін болады,  бұл Америка экономикасына жаңа серпін береді.мұның барлығы сайлауда Трамптың оңай жеңіп шығуына негіз болады. Трамптың тәжірибелі бизнесмен екенін мойындау керек. Ол мәмілеге жасау үшін лайықты уақытты күтіп жүргенін және барлығы оның ойлағанындай өтіп жатқанын атап кету керек. Осығағ байланысты ол Иранға қарсы әрекет жасамай отырған болу керек, өйткені оған тап қазір жаңа соғыс керек  емес.

28-29 маусым күні G20 саммиті өтеді, онда барлығының назары ҚХР мен АҚШ арасындағы келіссөздерде болады. Екі ел арасындағы мәміле жасауға қатысты кез келген жаңалық пен мәмілені нарық жақсы қабылдайтын болады.

Ішкі валюта нарығындағы жағдайдың бір қалыпқа түсіп, теңгенің долларға шаққандағы бағамы бір апта ішінде айтарлықтай нығайды. Алдағы өсімнің алыпсатарлықпен байланысты болғанын, қазір бағамның қарқынды түрде өзінің өалыпты көрсеткішіне қайтып келе жатқанын көріп отырмыз. Валютаны молынан сатып алған ойыншылар өз кірістерін нақтылауда. Бұған Ұлттық банк те араласты деп ойлаймыз. Жұма күні реттеуші нарыққа қайта оралып, арзандаған долларларды сатып алды. Бұл теңгеге қолдау болды. Сонымен қатар теңге бағамының дұрыс бағаланбай отырғаны туралы пікірімізді тағы да қайталаймыз. Оның тепе-тең мәні 370 теңгеден төмен болу керек.

Еуро бағамының төмендеуіне ЕОБ басшысы Драгидің реттеуші ақша-несие шарттарын жеңілдету ойы бар дегені себеп болды. Осы жағдай еуроның басқа валюталарға қатысты бағамын төмендетуге негіз болды.

Рубльге келер болсқа, онда оған да қымбаттаған мұнай бағасының әсер еткенін атап кету керек. Нәтижесінде рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы өзінің ең жоғарғы шегіне жетті. Рубльдің қазіргі бағамы шектен шыққандық деп есептейміз. Алдағы уақытта Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені көтеретін болса және Ресей ОБ-сының пайыздық мөлшерлемені төмендеткенін ескеретін болсақ, алдағы уақытта бағам бір тепе-теңдікке келеді деп ойлаймыз. Теңгенің рубльге шаққандағы бағамы нығаяды. Біздің бағалауымызша, рубльдің теңгеге қатысты бағамы 5,3-5,5 теңге болу керек.

Қытайдың юаны да G20 саммитінің қорытындысын күтеді. Жақсы жаңалықтар болып жатса, юаньның долларға қатысты бағамы нығаяды, ал жаңалық болмай қалса, юаньды әлсірету үшін ҚХР билігі экономиканы ынталандырудың жаңа шараларын қабылдайды.

Алдағы аптада теңгенің долларға қатысты бағамы 380-382 теңге болады деп отырмыз, алайда жалпы нығаю 370-372 теңге шамасында болу керек. Ұлттық банкте инфляция жағдайын бақылап, теңгенің долларға және рубльге қатысты нығаюы үшін уақыт келгенін көріп отыр деп ойлаймыз.

Алдағы аптада негізгі валюталарға қатысты бағам: доллар 375-380 теңге, еуро – 421-428 теңге, рубль 5,9-6,0 теңге, юань 54,5-55,5 теңге.

 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу