Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
24.10.2020 |
425-430 |
ГК «ФИНАМ»
24.10.2020 |
426-430 |
Forex Club
24.10.2020 |
428-430 |
DAMU Capital Management
24.10.2020 |
425-429 |
SoftLink
24.10.2020 |
425-430 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
24.10.2020 |
5,50-5,65 |
ГК «ФИНАМ»
24.10.2020 |
5,55-5,65 |
Forex Club
24.10.2020 |
5,6-5,9 |
DAMU Capital Management
24.10.2020 |
5,6-5,65 |
SoftLink
24.10.2020 |
5,52-5,66 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
24.10.2020 |
495-515 |
ГК «ФИНАМ»
24.10.2020 |
504-507 |
Forex Club
24.10.2020 |
502-503 |
DAMU Capital Management
24.10.2020 |
495-500 |
SoftLink
24.10.2020 |
501-511 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
24.10.2020 |
64-65 |
ГК «ФИНАМ»
24.10.2020 |
64,2-64,8 |
Forex Club
24.10.2020 |
64,2-64,7 |
DAMU Capital Management
24.10.2020 |
63-64 |
SoftLink
24.10.2020 |
63,5-64,3 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады
Теңгеге әдеттегідей сыртқы факторлар әсер етеді. Сарапшылар бұл жолы АҚШ-тағы сайлау мен оның долларға ықпалы, коронавирустың таралуы, Халықаралық валюта қорының болжамы, Қытайдың пайыздық мөлшерлемені өзгертпеу туралы шешімі, АҚШ-тың Федералды қор жүйесінің кезекті отырысын талқылады. Сонымен қатар олар ОПЕК+ елдерінің кезекті қадамына қатысты ойларымен бөлісті.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:
Қазан айының соңында теңгенің бағамы тұрақты болды. Мұнай бағасы да айтарлықтай құбылмады. Brent сұрыпты мұнай 41-45 доллар шамасында саудаланды. Америкалық валютаға қараша айында болатын президенттік сайлау кері әсерін тигізіп отыр. Әлемдік нарықта шикізатқа деген сұраныс азаяды, екінші толқынның салдары жойқын болады деген күдік бар. ҚР Ұлттық банкі 26 қазанда өтетін отырыста пайыздық мөлшерлемені сол қалпында қалдыру туралы шешім қабылдайды деген пікірдемін. Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 425-430 теңге, бір еуро 495-515 теңге, бір рубль 5,50-5,65 теңге, бір юань 64-65 теңге шамасында болады.
Андрей Маслов, «Финам» КТ сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған ЕО мен Ресей, АҚШ елдеріндегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы себеп болып отыр. Бұл елдерде соңғы уақытта вирус жұқтырғандардың қатары көбейіп барады. Сонымен қатар мұнай нарығындағы жағдай да тұрақсыз. Алдыңғы аптада Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны 41 доллардан түсіп кеткен еді. Дегенмен, жалпы, мұнайға тәуелді елдердің валютасы мен мұнай бағасы көп құбыла қоймады. Менің пікірімше, келесі аптада ҚР Ұлттық банкі пайыздық мөлшерлемені 9,00% деңгейінде қалдырады. Алдағы аптада бір доллар 426-430 теңге, бір еуро 504-507 теңге, бір рубль 5,55-5,65 теңге, бір юань 64,2-64,8 теңге шамасында болады деп ойлаймыз.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Өткен аптаның соңында сауда қорытындысы бойынша теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды. Мұнай бағасының төмендеуі валютамызға кері әсерін тигізбеді. Нарықтағылар ОПЕК+ елдерінің өндірісті қысқарту туралы келісімі ұзартылады деп отыр. Келесі аптада теңгеге коронавирус індетіне қатысты әлемдегі ахуал мен шикізат нарығындағы көрсеткіштер ықпал етеді. Біздің ойымызша, алдағы аптада бір доллар 428-430 теңге, бір еуро 502-503 теңге, бір рубль 5,6-5,9 теңге, бір юань 64,2-64,7 теңге болады.
Дмитрий Лукашов, SoftLink аналитигі:
Өткен аптада теңгенің рубль мен еуроға қатысты бағамы әлсіреп, доллар мен юаньға қатысты бағамы нығайды. Мұндай динамикаға сыртқы саяси факторлар әсер етті. 3 қарашада АҚШ-та президенттік сайлау өтеді. Егер де Джо Байден жеңіске жетсе, Федералды қор жүйесі қаржы саясатын сол бойда өзгертуі мүмкін. Қазақстан экономикасына келер болсақ,коронавирус індетінің кесірінен пайда болған дағдарысты еңсеру үшін елімізге бірнеше жылдай уақыт керек екен. Жылдық орташа өсім көрсеткішіне тек 2025 жылы жетуіміз мүмкін. Ол үшін Қазақстан бір жылда 100 млн тонна мұнай өндіруі қажет. Келесі аптада бір доллар 425-430 теңге, бір еуро 501-511 теңге, бір рубль 5,52-5,66 теңге, бір рубль 63,5-64,3 теңге болады деп ойлаймын.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» бас директоры:
АҚШ-тағы президенттік сайлауға дейін екі аптадай қалды. Бірқатар сауалнаманың нәтижесі бойынша қазір Джо Байден алда келе жатыр. Мұнай нарығындағы жағдай тұрақты. Қытайдың ЖІӨ бұрын жасалған болжамдағы көрсеткіштен төмендеу болды, дегенмен де бұл – пандемия кезінде экономикасы өсім көрсетіп отырған жалғыз ел. Қытайдыың Ұлттық банкі пайыздық мөлшерлемені өзгертпеу туралы шешім қабылдады. ҚР Ұлттық банкі де, біздің ойымызша, мөлшерлемені өзгертпейтін сияқты. Егер де қаржы реттеушісі көрсеткішті төмендетсе, артынан теңге әлсіреп, инфляция қарқыны күшеюі мүмкін. Біздің болжам бойынша, келесі аптада бір доллар 425-429 теңге, бір еуро 495-500 теңге, бір юань 63-64 теңге, бір рубль 5,6-5,65 теңге болады.